Қазақстан Республикасының Президенті
Қ.К. Тоқаевқа
Көшірмесі: Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б.Ә.Смаиловқа
Көшірмесі: Қазақстан Республикасының
Мемлекет хатшысы
Е.Т. Каринге
Көшірмесі: Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Б.Н. Асыловқа
Көшірмесі: Қазақстан Республикасының
Оқу және Білім министрі
А.Қ. Аймағамбетовке
Көшірмесі: Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
Д.А. Абаевқа
А Ш Ы Қ Х А Т
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын еңсерген біз бейнелеу өнері саласының қордаланған мәселелелерін шешу үшін ашық хат жазуға мәжбүр болып отырмыз. Ұсынамыз орындалмаса да естір қауым хабардар болуы керек. Еліміздің бүгіні мен ертеңін ойлайтын әрбір қазақстан азаматы үшін, бейнелеу өнерінің қордаланған мәселесі бүгін шешім таппаса, болашақта да алдынан шығатыны анық.
1-мәселе. Болашақ мектептен басталса мектеп бағдарламасынан бейнелеу өнері пәнін алып тастау ғылыми негізсіз. Адам болып өсуде баланың физилогиясының дамуында, бейнелеу өнерінің маңызы аса жоғары екені белгілі. Қазіргі күнде «Көркем еңбек» деп жаңа пән кіргізіп еңбек сабағы мен бейнелеу өнерін қосқан. Бұл логикаға мүлде сыймайтын нәрсе. «Бейнелеу өнері» сабағын бір тоқсан ғана оқиды және бағдарлама мектепке сай емес. «Бейнелеу өнері» пәні мектеп оқу бағдарламасына қайта енуі керек.
Қазіргі мектеп бітірушілердің графикалық сызу туралы да түсініктері жоқ. Сондықтан «Сызу» пәнін мектеп бағдарламасына қайта енгізу керек. Бұл пән баланың ойлау қабілетіне, анализдік көру қабілеті үшін маңызы зор. Бұндай түсінігі бар бала нағыз технократ бола алады. Ал «Еңбек» сабағы ер балалар мен қыздарға бөлініп арнайы өтуі керек.
2-мәселе. Қазақстанның Болон үдерісіне қосылғанына он екі жыл толады. Осы уақыттар ішінде еліміздің білім беру саласына жаңа жүйе нендей өзгерістер әкелді, жетістіктеріміз қандай, ойлағанымыздай болды ма деген сауалдар төңірегінде ой қозғар болсақ, біраз мәселенің байыбына барғандай боламыз. Бұл жүйе суретші, яғни шығармашылық мамандықтарға кері әсер етуде. Спортшы әр күн сайын жаттықса ғана белгілі нәтижеге жетеді. Сондықтан Колледждер мен ЖОО баклаврлар да практикалық сабақтар көбейтілуі қажет. Яғни суретшінің де практикалық оқу жатттығулар көп болу керек. Мысалы «Кәсіби Орыс тілі» пәні еш қажет емес. Сондай ақ «Кәсіби тіл» деген терминдер оқытатын жеке пән де бар. Бұл сабақ «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» сабағының ішіне кіруі керек. Психология сияқты сабақтар шығармашылық психологиясына негізделсе, Дінтану сабақтарының өзі діннің өнерге қатысы туралы болуы керек. Осы сияқты барлық гуманитарлық пәнде шығармашылыққа негізделген өзгерістер керек. Тағы айта кететін нәрсе суретші мамандықтары тілге емес, көбіне қол жұмысына негізделген.Сондық мылқауларға арналған тест тапсырмаларын алып тастау керек. Суретші сөйлеп, ойын жеткізуді үйрену қажет.
Болон декларациясының ережесі сай, талап бойынша баланың не оқимын, оқытушым кім деген мәселе де, таңдауға еркі болуы шарт. Оқытушыны да таңдай алуы керек. Бұл мәселе шешімін таппаған мәселе. Бұл құқық студентке де, магистрантқа да, докторантқа берілген емес. Соның кесірінен дарынсыз сурет сала алмайтын оқытушылар оқу орындарына қаптап кетті.
Сондай ақ мамандыққа арналған сабақтардың сағат санын арттыру керек. Ақша төлеп оқытқан студенттің ата анасы «Мен баламды суретші болсын деп ақша төлеп отырмын. Аптасына бір сурет салатын бала қалай ертең суретші болды» -деп сұрақ қойғаны есімізде және өте орынды.
Көптеген университеттерде дизайн мамандықтарын ашып қойған. Ол мамандық дайындау үшін емес, нашар оқитындарды оқуға түсіру үшін шығармашылық емтихан тапсыртып, жоғары балмен оқуға түсіріп, бірінші семестрден кейін өздері таңдаған мамандыққа ауысып кетеді. Біздің ұсынысымыз, базасы жоқ дизайн мамандықтарын жабу керек.
Бейнелеу өнері үшін компютерлік дизайн бағдарламалар жағынан 30 жыл артта қалғанбыз. Көркемсурет, дизайн және сәулет факультеттеріндегі мамандықтары түгелімен дизайнерлік бағдарламалармен, планшетпен сурет салуды меңгеру керек. Студент кез келген оқу жобалық тапсырмасын қарындашпен жасап 3Д-ға енгізуді толық меңгеруі қажет. Заманауй технологиямен, шығармашылық зертхананың табиғатын сезінген жас маманның болашағы да жақсы болады.
Осы жерде бір ескерте кететін нәрсе Болон жүйесі – халықаралық өлшемдегі, онда да түп-тамыры Америкада бастау алған Батыстық жүйе бола тұрғанымен де оған мүше елдер өз еліндегі ұлттық білім өлшемінен бас тартсын деп міндеттелмеді. Ең басты назарда ұстайтынымыз осы. Тек қана студенттердің білім деңгейі ECTS кредиттік жүйесі арқылы анықталады. Сондықтан шығармашылық өнер оқу орындарының өзіндік ерекшелігі болуы керек. Магистратура да шығармашылық сабақтарға басымдық беріп оқу бағдарламасын өзгерту қажет. Магистратурада баклаврлық білімін практикада да дамытып, жаңа тұжырыммен шығармашылық еңбек жасауы қажет. Суретшіге ғалым болу міндет емес, бірақ ол кәсіби шығармашылық көзқарасы қалыптасқан жоғары деңгейлі маман болуы тиіс. Магистратурада практикалық сабақтарға ерекше орын беріліп, диплом жұмыстары да практикада орындалғаны дұрыс.
Өз отаны АҚШ-та, Англияда қолданылмайтын бұл Болон жүйесінің мәселесі болашақта праламенте қаралуы тиіс.
3-мәселе. Дамыған елдер үш ғасыр бұрын Сурет академияларын ашып алған. Алысқа бармай ақ Орта Азиядағы барлық елдерде жеке көркемсурет академиялары бар. 1993 жылы жеке көркемсурет академиясы ашылып Мәдениет министрлігінің жауапсыздығынан 2000 жылы жабылған. Бізге жеке сурет академиясын ашу керек. Консерватория, хореграфия академиялары бар. Неге көркемсурет академиясын ашпасқа. Бұл иделогиядағы үлкен кемшілік.
4-мәселе. Алматыдаға О.Таңсықпаев атындағы Сәндік-қолданбалы өнер колледжінің директорлық қызметін 1.5 басқарған, 7 жұрттың тілін білетін реформатр, ғалым, өнер менеджері А.Жансерікованың директорлық қызметтен кетіру, бұл бейнелеу өнеріне, министрлік тарапынан жаңадан жасалған соққы деп білеміз. Бұндай халықаралық дәрежедегі білікті мамандарды, қайта мәдениеттің түрлі басқару лауазымды қызметтеріне ұсынса қуанар едік. О.Таңсықпаев атындағы СҚӨ колледжіне Т.Жүргенов ат. ҚҰӨА Бейнелеу өнері саласында Декан болып, т,б басшылықты басқарып жарытпағандарды пенсияға таяғанда колледжге директорлыққа жіберу бұл бір дерт сияқты болып қалыптасты. Заман погрессшіл жас мамандарда екенін әрқашан ескеріңіздер.
5-мәселе. Музыка, хореграфия, кино гуманитарлық ғылымға жатады. Ал «Бейнелеу өнері» негізінде гуманитарлық ғылымға жатпайды. «Бейнелеу өнеріне»( Сәулет, дизайн, мүсін, сәндік өнер, кескіндеме, графика) басқа статус керек. Техникалық эстетика десек те, өндіріспен тығыз байланысты өндіруші мамандармыз. Сондықтан «Сәулетке, дизайнға және барлық бейнелеу өнері»- мамандықтарын техника, технология мамандықтарымен теңестіріліп, мемлекеттен грант көп бөлінуі керек.
6-мәселе. Мемлекеттік сыйлық беру комиссиялардың құрамын жаңғырту керек. Масқара болғанда өнер саласында отбасымен комиссияда отырғандар бар. Пікір жазып сын айта алатын, кітаптары шыққан, өнертану профессорлары, не мемлекеттік сыйлықтың иегерлері М.Мансұров, Н.Далбай сияқты шеберлер неге отырмасқа. Құрамды жаңарту керек.
Қазақстанда нашар ескерткіштердің көбею себебі ортақ конкурстық комиссияның жоқтығы. Әр облыс өз білгендерін істейді. Мәдениет министрлігінің көркемдік кеңесінің еш беделі жоқ. Мәдениет министрлігі неше заңды суретшілер одағы бар екенін де білмейді.
7-мәселе. Қазақстаның еңбегі сіңген қайраткері деген атақты суретшілердің ала алмайтыны қоғамда жауыр болған тақырып. Сұрағымызда келмейді. Сондай ақ жыл сайын Президенттік стипендия беріледі. Осы стипендияның бір ережесі де жоқ. Негізінен стипендияны жазушылар 25 орын, әртістер 20 орын алады да, суретші, сәулетшілерге 3-4 орын ғана бұйырады. Бұл әділетсіздік. Берілетін стипендияның 30 пайызын суретші мен сәулетшілерге берілуі керек.
8-мәселе. Бейнелеу өнері бойынша арнайы ғылыми зерттеу институты керек. Ол көркемсурет, дизайн, сәулет бойынша зерттеулер жургізу қажет. Қазақ бейнелеу өнері мемлекеттің назарынан тыс қалса да, әдебиеттен, кинодан, музыкадан да көркем даму дәрежесі әлдеқайда жоғары.
9-мәселе. Еліміздің егемендік алуына байланысты, Қазақстан Суретшілер Одағы жылжымайтын мүліктерін, көптеген шеберхана мен комбинаттарын аяусыз сатты. Сол уақытта төраға болған Е.Мергеновтің сыбайлас топтары кезінде сатылған жылжымайтын мүліктердің заңсыздығының салдары әлі күнге дейін өз шешімін таппай отыр. Оның басты себебі – Суретшілер Одағында ешқандай жариялылық жоқ. Криминальды одаққа айналған суретшілердің соттасуы әлі біткен жоқ. Алматыдағы Сәтбаев көшесіндегі №29 «г» үйде орналасқан «Өнер» комбинатының орнына «АЙНЕР» ЖШС шеберхана салатын болып келісілген. Сол құрылыс компаниясы салған Мұқанов / Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы (229/147) он қабатты тұрғын үйдің құжаты үкіметтің базасында тіркелген. Оның үш қабаты, яғни 72 шеберхана Одаққа тиесілі. Осыны балансқа тіркелмеген деп, шеберханаларды жекешелендіруге бермей отыр. Интернетте ол базада тұр. Комбинаттың суретшілері көбі қайтыс болды. Бұлар ішкі есеппен уақыт созып отыр. Негізі комбинат суретшілеріне жекешелендіруге құрылтай шешімі бар. Төрағалар әр құрылтайда құжаттарды реттеуге міндеттеме алғанымен, жұмыс құпия күйінде тұр. Осы қаулы міндеттемелерінің ішінде Алматы қаласының Рыскұлов — 48 «А»және Қожамқұлов- 204 көшелеріндегі шеберханалардың құжаттары реттелген жоқ. Одақтың бас ғимаратының қаншасы сатылып, қаншасы баланста тұрғаны да құпия. Алматыдағы Сәтбаев көшесіндегі №29 «г» үйде орналасқан «Өнер» комбинатының орныны сақалды құрылыс болып тоқтап қалған. Естуімізше иесі шет елге қашып кеткен. Осыны тексеріп, заңсыз болған жағдайда О.Таңсықпаев ат. СҚӨ колледжіне оқу корпусы ретінде беру керекпіз. Қазақстан Суретшілер одағының басқармасы 2018 жылғы 26 сәуірде өткен XVIIІ-құрылтайға, облыстардан келетін 1делегат 15 адамның атынан дауыс беретін етіп адам құқығын бұзатын демократияға қайшы келетін норма енгізілген. Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңында, ешбір өркениетті мемлекеттің заңнамасында жоқ осындай құжаттар арқылы облыстардағы 500 ҚР Суретшілер одағының мүшесінің дауыс беру құқығы шектелген. Қазіргі күнде төрт жылдық мерзімі өтседе құрылтай өткізуді қолға алмай келеді. Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы №3 Заңының 19 бабының талаптарын өрескел бұзып келеді.
Жоғарыдағыларды ескере келіп, біз Сіздердің назарларыңызды, шағын топтың осы заңсыз әрекеттерін тоқтатып, келтірілген деректерге байланысты бар құпия құжаттарды анықтауға, азаматтық заңнама негізінде реттеп, тиісті шаралар жасап араласуларыңызды сұраймыз.
10-мәселе. Мәдениет министрлігінде оқу әдістемелік мамандардың жеткіліксіздігі ғана емес, министрліктің функциясы да анық емес.
Қазақстанның «Мәдениет туралы заңында» бейнелеу өнері қарастырылмаған. Яғни біздің мәдениет минстрлігі дегеніміз жазушы, әртіс- пен спортқа арналған министрлік. Бүкіл атақ, награда мен қаражат, шын мәнісінде осыларға арналған. Жаңа министр осы мәселені қайта қарастыруы керек. Мәдениетпен мәдениет министрлігі айналысқан дұрыс. Білім саласы мен барлық өнер оқу орындары тек білім министрлігіне қарау керек.
11-мәселе. Егемендігіміздің 30 жылында музейлер қорына картиналар сатып алынбады деуге болады. Музейлерге барсаң кеңес заманынан кейін тоқтап қалған уақытты көргендей боласың. Жаңа заман жоқ. Музейлер залы кеңейіп ұлғайтылмады. 30 жылдық тарихымызды әйгілейтін суреттер жоқ. Жыл сайын музей қорына картиналар алу жолға қойылуы керек.
12-мәселе. Жас суретші, дизайнер, сәулетшілерге арналған республикалық конкурстар жоқ. «Шабыт» деген халықаралық конкурстан бейнелеу өнері мүлде шеттелді. Осы жастар конкурсы мәселесі назарға алынсын. 2022 жылдың Сәуірдің 12 күні «Аманат» партиясы да айтыскерлерге, ақын жазуларға арнап сыйлықтар тағайындады. Бұлар неге бейнелеу өнерін ескермейді. Бейнелеу өнеріне деген теріс саясатты кім қалыптастырып отыр. Мүмкін үкіметте бейнелеу өнері саласынан кеңесші болу керек шығар.
2019 жылы құрылған «TURAN-QAZAQ суретшілер консолидациясы» бүгінде түркі әлемінде жетекші ұйымдастырушы бірлестік. Еуразия суретшілер арасындағы мәдени идеология қазақтардың жетекшілігімен жүруде. Үкімет тарапынан осыған назар аударылуы қажет. Қазақ елін қара шаңырақ иесі санап отырған түркі елі ағайындарының алдында, бөрі арықтығын білдірмейтіннің жағдайындамыз. Сонымен қатар Қазақстанда жалғыз бейнелеу өнерін насихаттайтын «turan-kz.art» ақпараттық порталы республикалық дәрежеде қолдауды қажет етеді.
Біз Жаңа әділетті Қазақстан құратын болсақ, онда бейнелеу өнер саласының құқы сақталатындай білім мен мәдениет саласына толық реформа керек.
Жоғарыдағыларды ескере келіп, біз Сіздердің назарларыңызды аталған мәселелер бойынша азаматтық заңнама негізінде реттеп, бейнелеу өнерінің қордаланған мәселелеріне тиісті шаралар жасап, араласуларыңызды сұраймыз.
14.04.2022.
Құрметпен:
- Берістенов Жанарбек.
«TURAN-QAZAQ суретшілер консолидациясының» президенті
ҚР Мәдениет қайраткері, философия ғыл, кан. профессор
- Отарбай Қабдрахман.
Халықаралық Тұран көркемөнер сыйлығының иегері
- Даубаев Естай.
Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері
Халықаралық Тұран көркемөнер сыйлығының иегері
- Губашев Асылбек.
Халықаралық Тұран көркемөнер сыйлығының иегері
- Бақтыгереев Әли.
Халықаралық Тұран көркемөнер сыйлығының иегері
- Шүкірбеков Қанат.
Халықаралық Тұран көркемөнер сыйлығының иегері
- Жақыпбек Әсет.
Халықаралық Тұран көркемөнер сыйлығының иегері
- Құмаров Алтынбек.
ҚР Мәдениет қайраткері
- Тайнов Серік.
Халықаралық Тұран көркемөнер сыйлығының иегері
- Сәрсенбаев Төлеген.
Халықаралық Тұран көркемөнер сыйлығының иегері
- Әжібек Қазақбай.
Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері
Халықаралық Тұран көркемөнер сыйлығының иегері
- Мұхамедиұлы Қоңыртай.
Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері
Халықаралық Тұран көркемөнер сыйлығының иегері
- Мұхамеджанов Бақытбек.
пед.ғыл,кан. профессор
Халықаралық Тұран көркемөнер сыйлығының иегері
14. Құсайнов Болат.
Халықаралық Тұран көркемөнер сыйлығының иегері
15. Исабаев Нұрғалым.
Халықаралық Тұран көркемөнер сыйлығының иегері
16. Ибатбеков Әмірбек.
Халықаралық Тұран көркемөнер сыйлығының иегері
17. Бейсембинов Амантұр.
Халықаралық Тұран көркемөнер сыйлығының иегері
18. Сауытбеков Нұржан.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті –
Елбасы Қорының иегері
19. Досжанов Бауыржан.
Қазақстан Республикасы Тұнғыш Президенті-
Елбасы Қоры сыйлығының иегері