(Суретшінің «Түркістан тарихы» альбомына жазылған мақалалар қысқартылып алынды).
Әр заманның өз тұлғалары болады. Біздің әңгімеміз Кеңестер одағы күйреп, еліміз Егемендік алғаннан кейінгі оңтүстік өңірдегі бейнелеу өнерінің ыстығына күйіп, суығына тоңа білген, әлі сол бейнелеу өнеріне зор үлес қосып жатқан азамат, суретші Айнабек Оспанов жәйінда болмақ. Айекең туралы әңгіме көп. Қазақстан суретшілер одағын басқаруға лайық екі адам болса бірі осы азамат деп те талай адам айтқан. Артменеджрлік қарым қабілеті күшті, өмірден алған сабағы мол, байыпты да байсалды азаматтың жақсылығы туралы талай сөз өзімен таныспай жатып естідім. Әр суретшінің қарым қабілетін байқағыштығы, талай жас пен жасымыс суретшіге қамқор болған ұлағатты қасиеттері, өнегешілдігі туралы әңгімелердің сыры мен құпиясы да осында жатқан жоқпа. Азамат болған соң әңгіме айтыла берер, мен суретшінің шығармашылық бастаулары жәйлі сөз қозғағым келеді.
А.Оспановтың Алғашқы бағыт алған шығармашылығы графикадан басталды. Институт бітіргеннен кейін бірден суреттерін көрмелерге қойып көрсете бастады. Оның алғашқы жұмыстары 1978-1981 жылдары көрмеге қойылып, суретшілер одағының графика секциясын басқарған М.Қисамединовтің оң пікірімен графикалық шығармаларын «Жұлдыз», «Жалын», «Білім және еңбек» журналдарына, Республикалық газеттерге жариялады. Қазақстан Мәдениет министрлігінің көрме дирекциясы жұмыстарын меншігіне алды. Бес рет республикалық көрмеге қатысқаннан кейін, 1981-1991 жылдары Қазақстан Республикасының Көркемсурет қорының өндірістік шеберханасында суретші, бас суретші, директор, 1991-2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық Суретшілер одағының басқарма төрағасы болған. Бұл белестер, маңдай термен, тынымсыз шығармашылық еңбектермен алынған. Кеңестер одағы ыдырап, аласапыран уақытта Мәдениет министрлігінің балансында жартылай тұрған Шымкент қаласындағы суретшілердің бас ғимаратын филиалдың балансына да өткізген Айекең болатын. Қазақстан Суретшілер одағының соңғы жиырма жылдық сериялдарының бас кейіпкерлері азаматтық деген ұғымды көлгірсіген суретші куәлігіне айырбастап алғанда, Айекеңнің жүзі жарқын болды. Бұның бәрі тоқығанға тарих. Менің айтпағым, өнер сүйер көпшілік шығармаларына қарай отырып, өз кезегінде суретшінің бейнесін де көз алдында ұстайды. Оңтүстік өңірдегі бейнелеу өнері тізгінін ұстап тұрған суретшінің тұлғалық портреті мен қоса оның туындылары арқылы да көңіліне сомдап, көкірегіне сақтайды. Міне өнер сүйер қауымның қолында осындай азаматтық портреті бар суретшіде даралық бар десек керек. Сондықтан суретші даралығының ең басты кәулігі –оның нақты шығармасы мен шығармашылығы туралы айтсақ.
Ол өзінің алғашқы графикалық шығармаларынан ақ өзін суретші ретінде жариялады. Суреттерінің кейіпкерлері арқылы сол кездегі өмірдің әртүрлі жақтары туралы қызықты көрінестерді көркемдік шешіммен жаза бастады. Бұл жанрдағы жұмыс қиял мен көркемдік құралдарды таңдау еркіндігін берді. Алғаш туған жердің тарихы мен оқиғаларға егжей-тегжейлі қарап жол ашты. Суреттер кескіні, үлкен монументалды фигураларымен оңай есте қалады. Суреттер жарқын және оптимистік, композициялар қатаңдығымен ерекшеленеді. 1988 жылдардағы «Тербеліс» триптихы сол кездегі суретшінің жан драмасы сияқты. Өткенмен болашақта, әлемдік бір өзгерісті алдын ала сегендей мазасыз бір жүрек дүрсілі, тербелісі бейнеленіп қалған. Қазіргі көзбен қарағанда оның бәрі шындық болды.
1992 жылдан бастап графикаға сұраныс азайып, мемлекеттік қолдау да жоғалғандықтан көптеген графиктер нарыққа тез бейімделіп кескіндемеге ауысты. Ол кезде көптеген график суретшілер кескіндемеге бұрылған кез. Айтарлықтай шығармашылық әлеуетке ие А.Оспанов өзін кескіндемеде сынап көрмекші болды. Оның алғашқы картиналары барлығына осы көрнекті шебердің талантының жаңа қырын ашты. Оның шығармалары әртүрлі түстермен, тондық қатынастардың ең нәзік нюанстарымен ерекшеленеді. Өте мұқият жазылған композициялар аяқталған шағын графикаға да ұқсас және көрермендер арасында декоративтілгімен үлкен табысқа ие болды.
Әлемнің көптеген елдерінде және Республиканың музейлерінде 250-ден аса жұмыстары сақтауға алынған десе біреу сеніп, біреу сенбес. Еуропаның Берлин, Будапешт, Ресейдің Москва, Кемерова қалаларында, Қырғызстанның Бишкек қалаларында және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында он бір рет жеке шығармашылық көрмесі өткізілген.
Соңғы ширек ғасырда А.Оспанов Түркістанның өзіндік шежіресін жасады. Қазақ бейнелеу өнерінде бұрынғы-соңғы тарихына көз жіберсек, ең таңдаулы жұмыстар туған жердің тарихына, ауыл өміріне, өзі жақсы танитын адамдар бейнелеріне арналып жазылғанын көреміз.Туған жер –қазақ адамы үшін киелі орын. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады.
Тақырып болған да көру аясы қандай сұрақ келетіні сөзсіз. Көрмелерде суретшінің суреттері әрқашан көптеген пікірталастар тудырды. «Сайрам-Өгем шатқалы», «Жабағлы, Ақсуат тауы», «Қос тұра», «Келіншек тау» т,б шығармалырытабиғатқа деген суретшінің сезімталдығының көрінісі. Автор бір адамның немесе ұжымның өмірінен бір немесе басқа эпизодты көрсете отырып, суреттің құрамын осылай құра білді және шығарманың кейіпкерін елестете алды, бұл әрқашан үлкен жеңіс болды.
Ол жұмыстың жоғары кемелденіп жетілуіне ұмтылды. Кейбір дайындық жұмыстары аяқталған сурет сияқты көрінді. Соңғы онжылдықта автор портрет жанрында және пейзаждық кескіндеме саласында жұмыс істеп, табиғатпен қарым-қатынас, өмірдің мәні туралы ойлауға жаңа эмоциялар мен ынталандыру беретінін түсінді. Көзге оттай басылатын біраз азаматтардың портреттерін, жақын адамдардың көркем айшықтарының, жан әлемін бейнелеуде өрнек жарасымы көрініс береді.
Ол жаңа принциптерге негізделген шығармашылықтың күрделі саласын игерген кескідемеші суретшілердің бірі. Жаңа пластикалық экспрессивтілікті іздеу әсерлерін әзірледі. Жаңашылдықты көрсете отырып, А.Оспанов қатаңдық стильділікпен сәнділікті анықтау жолымен жүрді. Өзінің шығармашылық қызметінде ол көптеген тақырыптық картиналар орындады. Олар қазіргі уақытта әртүрлі көркем мұражайларда және жеке коллекцияларда сақталып тұр.
Шет елдің әртүрлі қалаларында және одан тыс жерлерде өткен көрмелерде көрермендердің сүйіспеншілігін жеңіп алған көптеген сюжеттік картиналардың авторы. Суретшінің картиналары ел өмір сүрген барлық оқиғаларға қатты әсер еткен тәжірибелері туралы толқып айтып береді.
Суретші бірқатар есте қаларлық образдар жасады. Әсіресе Есім ханның образы ерекше көрінеді. Осыған дейін көптеген хандардың образдары өкінішке орай жасалмай келе жатқаныда шындық. Ең бастысы Йасы қаласы жаңа атауға Түркістан атауына ие болып, Қазақ хандығыны астанасының айналуы осы Еңсегей бойлы Ер Есім мен тікелей байлананысты. Сол кезден бастап қазақ хандар Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің жанына жерлене бастайды.Сөйтіп Есім ханнан бастап Түркістан қаласының киелілік маңызымен қатар саяси –әкімшілік және рухани орталық ретіндегі маңызы артады. Олай болса Түркістан тарихын жазғанда Есімханның тұлғасынан айналып кету мүмкін емес.
Хан бейнесі туралы толғамдарын қалай бейнелегені туралы өз ойларымызды ортаға салып өтсек. Суретші материалды шабытпен меңгеріп, көптеген тарихи және әдеби еңбектерді қайта оқып, мұрағатты талдаған. Болашақ шығарманың композициясы дұрыс болуы үшін шеберханада ол ондаған суреттер мен нобайлар жасап жұмыс істеген. Картина ортасында бірден Есімхан артқы Қожа Ахмет Яссауи кесенесімен бірге көрінеді. Екеуі тұтасып шешілген. Артқы план жауынгерлік рухпен әспеттелген. Дауылпаз да, ту ұстаушы да бейнеленген.Оң жақтағы үш батыр мен сол жақтағы билер композицияның тепе теңдігін ұстап тұр. Бүкіл өмірін жорықпен өткізген Еңсегей бойлы Есімхан образы сауыт сайман киіп сұңғақ етіп бейнеленген. Образды бейне кескін түріндегі сәндік кескіндей әсер береді. Шығарма бітімінде сәндік пен қоса өрілген қатаң стильдік принциптер бар. Суретшінің өзгеше поэтикалық әлемі де, өзіне ғана тән көзқарасы анық өрілген.
Есімханның жарлығы. 2021. к.мб. 123х154.
А.Оспанов шығармашылығында қазіргі заман мен тарих, эпос пен лирика, публицистика мен жақындық, ұлттық бастауларға үндеу, әлеуметтік толғаныстар ерекше көрініс табады. Дулығалы ата –бабаларымыздың кең даланы, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, өткен ерліктерін мақтан етіп жырламау мүмкін емес. «Аманат», «Реквием» т,б жұмыстары қазақ көркемөнерінің өріс-көкжиегінің кеңеюінің және бір кепілі. Бұл жұмыстар үздік ізденістер санатына кіреді.
Қазіргі күрделі заман, уақыт сипаты да оның ой жүйесіне, шығармаларына өз реңін дарытқан. Уақыттың дерті, ойландырар мәселесін, өнер арқылы көрсетсем деп терең бойлайды. Реализмнен тыс сюреалистік бейнелер арқылы, көзі көріп, көңілі түйген суырылып шыққан ақиқат астарлы метафралы бейнелер ешкімде де бей жәй қалдырмас. Сондай жұмыстарының бірі «Биіктен» -деп аталады. Азғындықты бейнелеуде маймыл күшті образдардың бірі. Табиғаттың өзі ақылдыны тыңдап, мықтылардың соңынан еретін. Қазіргі қоғам ақылдылар далада қалып, адами келбеттен кеткен осы маймыл тектестер билікке жеткен заман болды. Жалпы қоғамды сынамай ақ осы бейнелеу өнерінің маңайына қарасақта жетеді. Көкірек көзімен таныған суретшінің, пайымдаған шындығының салмағы қашанда салмақты. Бейнелеу өнерінің жаман қырын тек маймыл төңірегіне үйіп –төкпек емеспіз. Біреулерге бұл сюжет ұнамауы мүмкін. Бұл суретші шығармасы арқылы тақырыптық тұрғыдан талдау мысал ғана. Бұндай мысалдар А.Оспановтың шығармаларында жетіп артылады.
Өмірдің жақсылығын, жылылығын, уақыттың тамаша әсерлі сәттерін жарқырата көрсету де – қажеттілік қана емес, суреткердің парызыда. «Батырдың үйленуі», «Сауран сұлулары», «Бақытты күн», «Жоғары ұшу», «Ұлы күн» сияқты т,б жұмыстарындағы жан дүние иірімдері, махаббат психологиясы, сезім диалектикасының сан қырлары, қазақ өнерінің шырайлы ізденістері санатына кіреді. Өмір деген ғажайып. Осынау картиналардан ғаламды айқара құшар құштарлық көргенде, Айкеңді ақынжанды екен ғой деп те ойлайсың. Көру әлемінің өзегі де осы өмір болса, оны бағалаушы суретшінің әлемі, лирикалық мені деп — пайымдауға әбден негіз бар.
Суретші өз картиналарында тақырыбын, туған жерінің халқының, табиғатының ерекшелігін көрсетуге біржолата ден қоя отырып, әр түрлі жанрларда: портрет, пейзаж,көп қырлы тақырыптық суреттерді де салып келеді.Өзінің үлкен еңбекқорлығымен, қабілеттілігімен ол портрет пен пейзаж жанрларында үлкен жетістіктерге жетті.
Көрермендер оның кейіпкерлерінің нағыз образдылығын, қатаң академиялық сурет пен осы шебердің қылқаламына тән фигуралардың декоративтілігі ретінде атап өтеді. Оңтүстің табиғатын экзотикаға, жаңаша өмір дарытқан, тынысын ашқан сезім боялары дерсің. Суретшінің алдына қойған міндеттері үнемі өзгеріп және күрделене түсіп, жазу стилі және жалпы өнерге деген көзқарасыда өзгеріп отырады. Кейінгі кездері негізінен тарихи көріністер мен портреттерді көптеп сала бастады. Суретші өз кейіпкерлерінің ішкі әлемін ашуға тырысады және ол оны толықтай басқарады. Түстік шешіммен, суреттерге ерекше мәнерлілік береді. Композициялар оптимизммен, сюжеттің метафралы қызықты дамуымен және жеке бөлшектердің нәзіктігімен тартады. Стильдік –образдық тұрғыда міндетті сәндік сарын қосу шығармашылық қырына жатады. Кейбір жұмыстарда суретші гротеск элементтерін қолданады, бірақ олардың қатысуы тек картинаның мазмұны мен экспрессивтілігін баса көрсетеді.
А.Оспанов өмір туралы шығармашылық толғаныстары ойлаудың метафралық тереңдігіне ерекше ден қояды. Суретші түс мәселесінде, әсіре сия көк түспен көп тәжірибе жасайды. Осы арқылы өз шығармаларында эмоционалды дыбыстың қызуын арттыруға тырысады, тақырыпты ашуда трагедия ноталарын баса көрсетеді. Суретші жұмысының өзектілігі айқын, оның жұмысы әр түрлі жастағы көрермендерді қызықтырады.
Қазіргі тарихи шақта суреткердің шығармасы отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббаттан сәуле шашып тұр. Суретші А.Оспанов шығармашылық жолында бірегей уақыттың өзіндік көркем кеңістігін дамытуға арнап келеді.
Сауран сұлулары-2. 2015.к.мб.100х130.
1.Ерлікке толы сол заман.

Туған жерге тағзым, кіндік қаны тамған топырақты қастерлеу, оның тарихын білу қазақ халқы ұрпағының перзенттік парызы болуы тис. Сондықтан ғасырлардың үнін, шежіресін, Түркістан тарихын бейнелеу өнері арқылы бейнелеп көрсетудің маңызы зор.Әрбір сурет Түркістан тарихының бір бөлшегі, саңылауы бардың санасын өшірмеуі тиіс.Түркістан түркі тарихында ерекше орын алатынымен де күллі қазаққа қымбат мекен.Хандар мен билер, батырлар тарихтың тегершігін басқа арнаға салған тағдыршешті оқиғалардың талайы осы Түркістан жерінде өткен. Көп жағдай суретшілердің тақырыбы жоқ деп айтып жатамыз. Айналаңа қарасаң толған тақырып. Тек көре білу керек. Ұлттық болмысымен бейнелеу өнерінің жаңа талаптары тұрғысынан саралау – бүгінгі өнердің өзекті әрі басты мәселелердің бірі.
А.Оспановтың тек ел тыныштығын қорыған батыр бабаларымыз бен ел бірлігін ойлаған көсем хандарымызды ғана сомдап қоймай, өткен күннің тарихында үлкен ізі қалған тарихи оқиғаларды да кескіндеп шықты. Сондықтан да оның пiшiндерінің құрылымдық ерекшелiктерi, колорит, әуен ырғағы, әр шебердiң өзiндiк қолтаңбасы мазмұндық мән мен терең сезiмдi эмоционалды көңiл күймен байланысты айқындалады.
Суретшінің туған жердің тарихын, батырлық дәуірін жаңғыртудағы шығармаларының өміршеңдік сипаты, терең махаббаты мен қажырлы еңбегінде жатса керек.
2. Мың бояулы байтағым.
Түркістанның әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені, суретшінің шығармалары арқылы сұлулықтан сыр шертеді. Еркін пафос, табиғаттың ғажап тынысын сезіндіретін ала бөтен тыныс бар.Табиғаттың мүше –мүшесі иіп, шөп те, тас та, өзен де, тау да шаттықты бейнеленген. Суретші өзі бейнелеген әр көріністі терең сезіммен көрсетіп сендіре алады. Кескіндеме өнерінің дәстүрлерін жалғастыра отырып, өз шығармаларында табиғаттың мәңгілік құдіреті мен құбылма қасиетін мейілінше шынайы жеткізеді. Бұлттардың өзі А.Оспановтың көзіне бұлт емес, әлдебір ғажайып болып көрінеді. Сондықтан табиғатқа деген көзқарасын жай жалғастырушы ғана ретінде емес, суретші мен табиғат сабақтастығын мүлдем жаңаша шешіммен шешеді. Тарихи тақырыптан алыс кетпеген, «өз елінің әрбір тасына да құрмет көрсете білген» суретшілеріміздің бірі – А.Оспанов.
«Сайрам өгем» 2020.к.мб.100х130.
3. Көз көрген асылдарым
Соғыс ардагері Дүйсенбай ақсақал.2015.к.мб. 60х80.
Туған жерінің тарихын білген адам ғана оны шын қастерлей алады, қадірін біліп, қасиетін сезінетін болады. «Отан отбасынан басталатын» — болса, оның тарихы табалдырықтан аттағанда басталып көз алдыңнан сан мың адамдардың тағдырымен кездесіп, сан түрлі тағыдрлас боласыз. Адамның өсіп өркендеуі үшін де айналаңды қоршағын ортаның әсері ерекше екенін ұмытпауымыз керек.Әр адамның болмыс-тірлігіндегі күнделікті, дүниеәуи жайларға келгенде, соның бәрінен де жоғары тұрған әлдебір адами қасиет жоғары тұратыны бар. Туған жерінің уақыт пен кеңістік әлемінде, жалпы дүние болмысымен барынша бауырластыққты сезіну, А.Оспановтың көркемдік таным игілігінің маңызды шарты болып табылады.
4. Ой түбінен шыққан суреттер
Қазіргі кезге дейінгі тарихи–мәдени уақыттардың алмасуында бейнелеу өнерінің образдық бейнесі әртүрлі қырынан көрініс тауып, ертеде қалыптасқан ұлттық дүниетанымнан бастау алады.
Әрбір дәуірдің өз мәдениеті мен өнері бар. Осы мәдениеттің терең түбінен өрбіген өнер көркем танымға ие. Өнер қоғамның бір даму сатысынан екінші даму сатысына өткенде радикалды түрде өзгереді. Суретші А.Оспанов ойлы шығармалары арқылы уақыт келбетін танып –түсінуге өзінше жақындайды. Әр оқиғаны бағалап, өмірден түйгенін образбен салмақтап, оған белгілі бір көзқарас білдіреді. Бұндағы әр философиялық астар кездейсоқ емес.Әр образ, метафралы теңеулер танып білудің маңызды бір тәсілі ретінде қаралған.
А.Оспановтың шығармаларының мазмұндық ерекшелігі бір қарағанда, бір-біріне қарсы тенденцияларға ие сияқты болып көрінеді. Бір жағынан, суретші тақырыпты ашуға жанрлық тұрғыдан қарауға және осыған байланысты затты табиғи түрде көрсетуге бейімділік танытады, екінші жағынан, оны әлемнің, уақыттың, осы заманның жалпы сыни көзқарас заңдылықтары қызықтырады.
Сондықтан да болар, суретші өзінің тікелей өмірімен байланысты тақырыптар мен сюжеттерді, неғұрлым сезімталдық пен шынайы сын көзбен көрсете біледі. Осындай тақырыпты туындылар А.Оспанов өнерінің кескіндемесін, оның кәсіби деңгейін көрсететін іргелі жанрына экспериментальды ізденістерін, өзіндік рухани-философиялық кеңістіктеріне айналдырды.
«Ұлы күн». 2015.К,мб.100х110.
5. Графика айшықтары
Шебердің жеке стилі бір мақсатқа –өмірге деген асқан сабырлыққа құрылған. Бұл мақсаттың ашылуы графикшіні дене тұрысы өте монеументалды, туындылардың сомдалуына алып келді. Туған жерге, туған елінің тарихына, салт-дәстүріне деген құрмет суретшінің осы тақырыптарды қолға алуына тікелей себеп екенін айтпаса да түсінікті. Ең алдымен өміршең пішінді, тұрмыстық нақтылыққа құрылып, бейненің материалдық монументалдылығына назар аударады. График суретші ретінде туындыларында өткен өмір белестерін ұтымды пайдалана білген. Суретші өз туындыларында тарихты, эстетиканы, этнографиялық аспектілерді, дүниетанымдық қасиеттерді, көркемдік қүндылығын байланыстыра отырып, ондағы ой мен көзделген мақсатқа сүйенеді. Соңғы кездегі графикаларында уақыттың өзін идеал ретінде тану, оның биік асыл тілектерін, істерін басты мотиві ретінде сипаттау, портреттік бейнелерге бет бұруы, шығармашылығының жалпы тенденциясын көрсетеді.
Бәйтерек. линогравюра.30х30.
6. Сөз соңы
«Жігітте де жігіт бар, азаматы бір басқа, Жылқы да жылқы бар, қазанты бір басқа» -демей ме, қазақ атамыз?! Айекеңнің шығармашылық талантынан басқа, өн бойындағы адамгершілік, еңбекқорлық, табандылық сияқты қасиеттерінен басқа, азаматтығының өзі бір бөлек әңгіме дер едім.Мәрттігі де жетеді. 60 жылдық мерейтойлық жеке көрмесінен 60 шығармасын, өнер туралы 100 кітабымен қоса өзі негізін қалаған Түркістан облыстық Бейнелеу өнері музейіне сыйлағаны туралы айтып өтуге болады.
Өнерге деген шексіз махаббат, арманға деген адалдық, бейнелеу өнеріндегі өз орынын айшықтаған А.Оспанов туралы әлі талай жазылар.Суретші және қайраткер. Құстың қос қанатындай қос таланты. Суретшіліке талант керек болса, қайраткерлікке бедел керек.Біздің қазіргі уақытта қазақ суретшілерінде жетіспейтін қасиет осы. Екінің бірінің қолы жете бермейтін бұл биіктік туралы жазудың өзі айтуға ғана жеңіл. А.Оспанов бейнелеу өнері ортасында талантты суретші болса, өнертану саласында қайраты мол тәжірибелі артменеджр. Біз бүгінде жер ортасы жастан асып, сарыла ой ойлап, сарсыла еңбек етіп жатқан Айнабек Оспанов туралы, ұлы Абайдың «Асыл адам айнымас, бір бетінен қайырылмас» -деген сөзімен түйіндегем келеді.
Әр дәуірдің ұрпағы заманға сай мәдениетті жасайды. «Өнер» қай заман толқынысы болмасын өзінің ағынымен танылады. Сондықтан да өнер әрдайым ізденісті талап етеді. Өнер – ежелден қалыптасып, жалғасқан мәдениетіміздің танымдық үдерістеріне келешек ұрпақтардың ұлттық менталитеттік сана-сезіміне, дүниетанымына жол ашады. Сол себептен де өнер мәңгі.
Ж.Т. Берістен
философия ғыл. кан.профессор
АРТсыншы және өнер теоретигі
Халықаралық Тұран көркемөнер сыйлығының лауреаты