Turan-kz.ART халықаралық көркемөнер порталы
Ел тынысыЖаңалықтарМәдениет

Әли Бақтыгереев шығармашылығына арналған көрме

Қыркүйектің 18 жұлдызында Алматы галлереясында Халықаралық Тұран суретшілер консолидациясының басы қасында болып, өнер үшін ғұмырын арнаған талантты суретші, Тәуелсіздіктің «Алтын буын» өкілі, қазақ өнерінің жаңа парағын ашқан классик, Халықаралық Тұран көркемөнер сыйлығының лауреаты Әли Бақтыгереевтің, оның шығармашылық жұмыстарының жинақталған көрмесі ашылды. Біз тек Әлидің рухын тануға тырысып, тек пәлсапалық толғамдар ғана жасай аламыз. Әли кемел шағында қайтты. Әлі өнерге берер көп еді. Әли шығармашылығына арналған көрмеден, көзімізге көрінбей, көңілімізге сезілмей, өз арнасымен сыныптай сырғып өтіп жатқан, уақыт атты керуенге бір сәт ойланып, артқа үңілгендей болдық. Өлмейтін адам жоқ: дүниеге келген жұмыр басты пенденің бәрі ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір о дүниелік болуы хақ. Өмірден қайту қазақ үшін –жаңа өмірдің басы. Әли шығармашылығын зерттеуге осы көрме мен ғылыми монография жаңа серпін бермек.  Көрмеге келушілер легінен Әли шығармашылығына деген қызығушылық бірден көруге болады. Кез келген суретшінің шығармашылығын сезіну үшін картинасын көзбен көру керек.

Related posts

Дизайн жаңалығы

Turanart

ҚАЗАҚ ТОПЫРАҒЫНДАҒЫ КЛАССИЦИЗМ

Turanart

8 Наурыз — Қазақстанда халықаралық әйелдер күні!

Turanart

Leave a Comment