Turan-kz.ART халықаралық көркемөнер порталы
Жаңалықтар

Mемлекеттік сыйлыққа ұсынылған шығарма

Идеялық тереңдік пен  көркемдік мұрат

Бейнелеу өнер де, әр ғасырда өз жаңалығымен енгізген ұрпақтарымен танылады. Қазіргі қазақ көркемөнерінде ұлттық көркем дәстүрлерін терең меңгерген, тәуелсіздік рухынан нәр алған жас суретшілердің алғашқы буынының бастау кезеңі бүгінде нағыз кемелдену кезеңіне келді. Бұл өзі қазақ кескіндемесінің қатарына жаңа қуатты толқын  қосылған шақ, бүгінде үлкен күшке айналған. Сол дүбірлі уақыттың алдыңғы легінде, аға буынға да, орта буынға да бірдей ықпал еткен, қазақ көркемөнеріне шығармашылық дүбірімен ұйтқы болып, тыңнан жол бастаған Қазақбай Әжібек заманауй қазақ өнерінің алапасын асырып, дүйім әлемге танытқан шығармашылық феномен.

Егемен еліміздің, қазақ рханиятына жаңа эстетикалық сапаға деген ала бөтен сұранысқа жауап беретін  батылда, белсенді бір тұлғаның шығуы, керек те, заңды да еді. Өзінен бұрынғылардың шеберліктерін әбден саралап, тыңнан жол іздеген бірден –бір суретші Қ.Әжібекдесек, артық айтқандық болмас деп ойлаймыз. Ол қазақ кескіндемесін жаңа көркемдік формамен байытқан, этнотұрмыстық ситуация, ұлтқа тән мәңгілік тақырыптарға барып, көп сырлы мол әуезді, терең сарынды көптеген шығармалар берді.Сәнді, өте ашық түсті бояулар толқыны өзіне тән стилінен өзгешеленетін жаңа қыры, жемісті ізденісі. Қай тақырыпқа қалам тартса да өзіндік дара қолтаңбасын көрсетіп келеді.Уақыттың дүбірін саралап, арғы- бергі көркемөнер әлемін сұрыптап, келешекті батыл барлай жұмыс істейтін экспериментшілдігіде сан сала.  Осы қыры жаңашылдық іздеген от көңілдің тегеурінін танытып, соны серпін, озық сипат  беріп келеді.

Қ.Әжібектің шығармашылық жаңалығы, бүкіл қазақ кескіндемесін жаңа тарихи белеске көтерді.Кез келген тақырыпты ол типологиялық тұрғыдан қарастырады. Қ.Әжібек үшін де «дала», «этноболмыс», «тарих», «қазақ болмысы» фон, декорция емес үлкен әуен. Құлашы кең тақырыптарды көру ракурстарында мәнерлеп көрсетуде ерекше мән беріп саралайды. Бірден оған сиқырлы бояумен музыкалық тон қосып, декоративті –ырғаққа бағындырады. Қ.Әжібек бұл жерде композитр, бояумен күй тудырушы, бұл деген кең тынысты симфония. Медитациялық бояулар әсерін ерекше меңгергендігі сонша қараған адам көзін үйіріп алады. Дара сипатты таланты зор Қ.Әжібек монументал кескіндемеге де құлаш ұрып ұлттық дүниетаным эстетикасының сапасын жаңа қырымен байытты.

Қ.Әжібектің монументалды кескіндемедегіжаңалығы халықтың эстетикалық түсінігімен  көркемсурет идеалының сәйкестігін жаңаша шешуі болды. Әр шығармасында пластикалық-образдық таныммен, романтикалық тәсілдерінің типтік ырғақтарымен ерекшеленеді. Композиция құру шеберлігімен қоса, қазақ халқының арғы-бергі тарихын терең білетін суретші үшін тарихи шындықпен көркем шындықтың ара қатынасын –шешуде колоритті алға қойды. Кең тынысты симфониялық дауысты жұмыстарындағы қиялдан асып түсер өте сәнді бояулардың үйлесімімен жасаған картиналар сериясы да жетіп артылады.Монументалды кескіндемесінен озық сипатты ерекше алғырлықты, интелектуалдылық пен ерекше колориттік түстік психологизм тәсілдерді молынан ұшыратамыз. Ұмыт қалған, табиғи талғамға бағынатын осы түс талғамы мен ұштасқан Қ.Әжібектің монументал кескіндемесі барша тақырыптық, мазмұндық түрлік ізденістерді толық шеше алды. Айызыңды қандыра көркемдейтін дарабоз дарын иесі қай кезеңді бейнелеседе, сол кезеңдік болмысты бейнелеуде, этнографиялық детальдарды да терең қамтиды. Қ.Әжібек шығармаларының негізгі пафосы қазақ тарихына деген шексіз махаббат, бояу үндестігіндегі шексіз оптизм, жарқындық. Монументал кескіндемеде ол өзін аса үлкен симфониялық кескіндеме тудырушыретінде, көркемдік тұңғиық арқылы қазақ монументал кескідемесінің қадір қасиетін көрсетті.

Алашорда.  180х400.кенеп,акрил.2020ж.

Қазақ мемлекетін құру жолында Алаш қозғалысының азаттық идеялары, мәдени, ғылыми басқа да дәстүрлері тәуелсіздіктің жылдарындақайта жаңғырды. Қ.Әжібектің «Алашорда»картинасы қазақ тарихының трагедиясы мен бірге сан алуан романтикасын, аңсау сарынын шебер бейнелеген шығарма. Бұл картина ұлы алаш орда қайраткерлерін, қазіргі уақытты неғұрлым толыққанды таныстыру жолындағы ірі қадамдардың бірі ретінде танылуы тиіс. Алашорда үкіметінің іс қимылдары қазақ халқының саяси жағынан да, білім-ілім жағынан да, мәдени-әдеби жағынан да өзін –өзі басқара алатын әлеуетті ұлт екендігін байқатқан алтын кезең. Сол ұлылар көтерген идеялар да мәңгілік. Ал шығармадағы кең тынысты симфониялық уақыт кеңістік бірлігі бұзылмаған. Алашорда картинасындағы көркемдік қуат, азаттық жайлы толғаулар, елдік, ұлттық қасиетіне қатысты тебіреністермен сабақтасып жатыр. Тарлан суреткердің эпикалық баяндау рухын тың эстетикалық ізденіспен байыту тәжірибесі, әрлендіре, құлпырта түскен. Публицистикалыққ пафоста, философиялық тереңдікте, лирикалық нәзіктікте, сыршыл парасаттылық арналарымен әдемі суреттелген. Романтикалық бояу құдіреті арқылы тебірентетіндей  пәрменді қуат беру дәрежесіне шбердің шебері ғана жете алады. Суретші алаш тарихының күрес жолы, тарихи-этнографиялық, этникалық-психологиялық ғұрыптық кимідерімен, революциялық заман лебі туралы да тереңірек сезінесіз.

Алаштың парасат-пайымы жоғары тұлғалары арқылы зор саяси-философиялық проблемалар мен саяси оқиғалардың арақатынасы төңірегінде жарыса толғануғада, пікір айтып жарысуға да  көркемдік әсерлер жеткілікті. Ешкімді де бей жәй қалдырмас суретшінің позициясының белсенділігі де парастты толғаммен, сыршыл бояулармен әдемі бейнеленген.

Орталық қаһарман, ұлт көсемі Ә.Бөкейхан ерекше сары түспен белгіленген.Осы арқылы ортаға назар аудартып, көркемдік тартымдылық күшінің табиғи жарасымды бірлігін дәлелдеген.Суретші соны поэтика жасау керектігін жақсы ұғып, ұлттық колорит үшін ерекше саздылықпен, әуен  арнасында өрбіте білді. Бояудың гаммасы, тондарының ғажап сиқырлы ұтқырлығы, медитациялық бояулармен бейнелгіш әуезділік тәсілі де терең.  Алаш қозғалысы ұлт-азаттық қозғалыс ретінде біртұтас, мақсатты саяси,әлеуметтік, мәдени үдеріс болғанын картинада толық аңғартқан.

Автор Алаш орда дәуірін қайраткерлерін пайымдауда қоғам мен адамдар ара қатынасын, нақты әркетін, олардың моральдық –этикалық, әлеуметтік ролін көрсетуде уақыт дистанциясын сақтай білген.   Алаш орда тарихынан шежіре шертетін таихи –драмалық аса үлкен картина жазып бітіріп, көрерменге ұсынуы аса зор шығарамашылық қажырлықты, ізденісті, өнерге деген сарқылмас күш қуатты талант құдіретін көрсетеді.

Әбу Насыр әл-Фараби.180х290.кенеп,акрил.2018ж.

Екінші жұмысы Отырар жазирасында дүниеге келіп орта ғасырлық ғұламалардан мойыны озып шыққан әлемнің екінші ұзтазы, ұлы жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фарабидге арналған аса үлкен шығарма. Бұл жұмысында Қ.Әжібек ұлттық көркемдік танымды, аса бай түстермен сомдады. Картинадашығыс сәулеті мен интерьері фон ретінде алынған.Глобус, ғарыштық карта, кітаптар, адам бас сүйегі сияқты назар аудараралық нысандар ғалым-энциклопедистің көпқырлы таланты мен ғылыми ізденісінің тереңдігін көрсетеді. Фарабише азаматтық ғылым еркіндікке негізделген адамның әрекет екені картинада анық бейнеленген. Шығармада аналиткалық психологизм стилінде ауқымды идеялық мазмұны мен кең эпикалық құлашына сай, айтар ойды драмалық кернеумен толтыру үрдісі қолданған. Әбу Насыр әл-Фарабидің энциклопедиялық мұрасының ішінде мемлекет пен адам туралы ілімінің мазмұны адамзатқа үлкен махаббатқа ие болу, Ақиқат, Жақсылық, Әділдік пен Сұлулықты идеалға айналдыру сияқты көзқарастары, Арыстан образында бейнеленген.Арыстан бейнесі арқылы рух салтанатын көрсету Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері де, орта ғасыр шығыс дәуірінде қолданғанын ескерсек, қазақ көркем өнері үшінде үлкен жаңалық. Жалпы картина ғылыми ізденіс пен ақыл патшалығының жалпы атомосферасын толық көрсеткен. Колориттің ашықта, сәнді көрінуі шығарманың мазмұнын ашуда маңызды рөл атқарып тұр. Әбу Насыр әл-Фараби тарихының рухын, қатпар-қатпар қабатын тарихи шындыққа сәйкес топтастыра,  көркемөнерде мейілінше терең жеткізе алды.Ұсынылып отырған тақырыптық шығармалары энциклопедия деуге тұрарлық, бай этнодетальды көріністер, философиялық ойдың ауқымдылығы, көркемдік талдаудың тереңдігі, әлемдік көркөмөнер қазынасынан төрінен орын алатын, тек суретшінің елден ерек талантын көрсетіп қоймай, қазақ ұлттық көркемөнерінің даму биігі мен кәсіби деңгейін көрсете алатын мерейлі биігіміз болып табылады.

Суретші қай дәуірді бейнелесе де уақытпен шектелмейтін, суреткерлік назарының, қарымы кең екенін аңғару қиын емес.  Екі шығармадан да  уақыт талабымен бірге жаңғырып түлеген суретшінің қажырлы еңбегі мен құнарлы қиял әлемін, идеялық көркемдік мұратын танимыз.Шығарманың бейнелік, эстетикалық-эмоциялық қуатын арттыруда ғажайып бояулардың үстемдігімен мақсат еткен көркемдік мұратының өзі поэтикалық тұтастық. Қос шығарма суретшінің жеткен биігі ғана емес, қазақ ұлттық бейнелеу өнерінің жаңа эстеткалық сапасы, тарихи белесі.Тәуелсіз Қазақстанның көркемөнер тарихының жетістігін белгілеген  Қазақбай Әжібекұлы  шығармалары, 2022 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын алуға лайықты. Бүгінгі таңдағы қазақ бейнелеу өнері –әбден толысқан, жоғары деңгейде шыңдалған,алытын дәуірін өткеріп жатқан кемелөнер.

Ал осындай жауһар туынды жасағанҚ.Әжібекұлының – «Әбу Насыр Әл-Фараби», «Алашорда» тарихи шығармалар топтамасы,тарихтың терең де күрделі қабаттарын көркемдікпен бейнелеген, сан алуан образдар галереясын жасап, қазақ өнерінің көркемдік деңгейін жаңа биікке көтерген үздік шығармалар екендігі, әбден көз жеткен мойындалған шындық.

Ж.Т. Беристенов

профессор, философия ғыл. кан.,

Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті

Ұқсас жаңалықтар

Скончался народный художник СССР Таир Салахов

admin_turan_kz

Ертедегі Мысырдағы Бейбарыс сұлтанның оюы

Turanart

Объявление

admin_turan_kz

Пікір жазу