Өзбекстанның астанасы Ташкентте 17-21 сәуірде «ТҮРІК ӘЛЕМІ СУРЕТШІЛЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІ» атты көрме және «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР» өнер фестивальі өтті.
Фестивальге 2022 жылғы халықаралық Тұран көркемөнер сыйлығының иегерлері Өзбекстанның халық суретшісі, профессор Сабыржан Рахметов пен Қырғызстандық белгілі суретші Жәнібек Бердикеевті марапаттау үшін барып қайттым. Түркі әлемінің белгі біраз суретшілерімен тек телефон арқылы ғана сөйлесіп келсек, сол жерде бетпе бет кездесіп арқа-жарқа болдық. 2018 жылдан бері Тұран идеясымен жұмыс жасап жатқан TURAN-QAZAQ суретшілер консолидациясының бағытына қызыққан жастар легі үлкен сенім ұялатты. Тамаша кездесулер болды. Өзбекстанда ұлттық-мәдени идеология жұмыс жасап тұр және дамудың даңғыл жолына түскен.
TURAN-QAZAQ суретшілер консолидациясының президенті
Жанарбек Берістен