Жанарбек Берістен.
профессор, философия ғ.кан.
Т.Жүргенов ат.Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы
Қазақстан.Алматы.
Түйіндеме
Мақала Сәукеле мен қазақ бас киімінің биік болу мәнін талдаған. Ежелгі Крит -Микен мәдениетінен бастап, Сақ бас киімінің семантикасын талдап, сол арқылы қазақ бас киімінің неге биік болатын туралы жаңа теория жасалды. Сақтар мәдениетінің жалғастығы қазақ мәдениетінде сақталғаны туралы аита отыры олардың ойлауы ерекше ойлау, рәміздік философияға жататындығын айтылған.
Түйін сөздер: Сақтар, Крит –Микен, Ұмай, келін, Алтын киім, жәдігер, мәдениет, образ, семантика, рәміз, белгі, таңба,Сәукеле.
САУКЕЛЕ И ЗНАЧЕНИЕ ВЫСОТЫ КАЗАХСКОГО НАЦИОНАЛЬНОГО ГОЛОВНОГО УБОРА
Аннотация
В статье проанализировано значение саукеле и казахских головных уборов. Начиная с древней критско-микенской культуры, он проанализировал семантику Сакского головного убора и тем самым разработал новую теорию о том, почему казахский головной убор был высоким. О том, что в казахской культуре сохранилось продолжение культуры саков, говорит, что их мышление принадлежит к особой философии мышления, символизма. Ключевые слова: Саки, Крит –Микен, Умай, сноха, золотая одежда, реликвия, культура, образ, семантика, символ, знак, символ,саукеле.
SAUKELE AND THE IMPORTANCE OF THE KAZAKH NATIONAL HEADDRESS
Annotation
The article analyzes the importance of the Saukele and the Kazakh headdress. Starting with the ancient Cretan-Mycenaean culture, we analyzed the semantics of the Sak’s headdress, thereby developing a new theory about why the Kazakh headdress is so high. It is noted that the continuation of the Sak’s culture is preserved in the Kazakh culture, and their thinking belongs to a special thinking, symbolic philosophy.
Keywords: Saks, Cretan-Mycenaean, Umai, bride, golden dress, relic, culture, image, semantics, symbol, sign,symbol, Saukele.
Қай кезеңде болмасын бас киім формасы климаттық жағдайға және материалдың сапасына байланысты түрлі пішінде, сол қоғам талаптарына лайықты деңгейде тігілді. Қазақ ұлттық бас киімдерінің көркемдікке ұмтылысы мен олардың бас киім үлгілерінің ежелден қалыптасқан түрлерін байқаймыз.Қазақтардың ежелден эстетикалық әсемдікке деген құштарлығын әсемдік техникасымен ерекше философиялық ойлау жүйесінен көреміз.Осы уақыттқа дейін назар аударылмай келе жатқан жәйт қазақ бас киімдерінің биік болу ерекшелігі. Қазақ бас киімнің түп негізі Ежелгі сақ заманынан, Шыңғысхан дәуіріндегі Бодок аталып жүрген әйел бас киімі де, одан бергі қазақ сәукелелерінің биік болуы ешкім де бей жай қалдырмауы керек.
Мәселенің бәрі Есіктен табылған алтын киімді сақ жауынгерінің бас киімінен шығады. Алтын адамды тікелей ғылыми зерттеу жүргізген К.Акишев пен мәскеулік антропологтардың зерттеуі бойынша ол ер адам[1]. Белгілі антрополог-ғалым О.И. Исмагуловатың зерттеуінде де жерленген жауынгердің жас шамасы 18-19 жастағы ер адам.
Еліміз Тәуелсіздік алып Сақ жауынгері еліміздің бас рәмізіне айналғаннан бастап, ол әйел адамның киімі деген пікірталас өрбіп толастамай тұр. Алғаш филолог ғалым М. Барманқұлов, ол — әйел адамдікі деген қарапайым журналистік болжам жасады[2]. Әйелдікі деген гипотезаны жақтаушылардың долбары бойынша сүйектер жақсы сақталмаған, ал бас киімі ұзын сәукеле сияқты. Бұл пікірді қолдаушылардың қатарында Бек Ыбраев секілді белгілі мәдениеттанушыларда болды.
«Шошақ бөрікті киімді барлық сақ тайпалары және Еуропаның бөлігіндегі скиф тайпалары да киген», — деп К. Ақышевтің топшылауы бойынша ұзын бас киім киген [1,44 б]. Бехистун жартасындағы сақ Скунханың бас киімінің (70 см) биіктігімен Есік қорғанындағы бас киіммен сәйкес (65 см). Сондықтан, бас киімнің Персополь сатысындағы рельефтік суреттегідей биік болуы заңды. (Сурет-2)
Сурет-2
« Бехустин жазбаларындағы» сынатастағы сурет. б.з.б. 516 ж.
« Бехустин жазбалары» Қазақстан тарихы үшін аса маңызды ежелгі парсы деректерінің бірі де, бірегейі болып табылады. Еңбекте бізге қажетті тұсы тұтқынға түскен соңында келе жатқан сақ патшасының басындағы шошақ бөрік және шошақ бас киім киген сақ жауынгерлері. Суретте көзі тірісінде кигені нақты дәлел. Сонымен қатар барлық қазбалардан табылған сақ қорғандарындарындағы ерлердің киімінің бәрінің қасынан қарулары, қанжарлары табылған.
Ал 1959 жылы Дондағы Елизавета қорғанынан скиф жауынгерін қаруымен бірге табылғанда, қасынан патшайымның қабірі табылған. Патшайымның бас киімі шошақ, әшекейі гүл бейнелі. Бас киімнің төбесінен беліне дейін жамылғы мата түскен. Бұл кәдімгі сәукелені еске түсіреді. Семсері, қару жарағы жоқ [3].
1999 жылы Атырау аймағындағы Аралтөбе қорғанында табылған сақ жауынгерінің қасынан қаруымен табылған болатын. Сондай ақ Шығыс Қазақстан облысы аймағында 2003 жылы табылған Шілікті қорғанында патша қабірінен қарумен табылған. Ал 2012 жылы Батыс Қазақстандағы Тақсай қорғанында ерте сақ кезеңінің әйелі адам табылды. Бұл қорғанда әртүрлі әшекейлер мен бұйымдарымен жатқан. Осының өзі ақ ерлер қорғанында қару болатыны, Есік қорғанының жауынгер ер екенін дәлелдейді.
Ал Қазақ бас киімдерінің ең әдемісі де бағалысы да -сәукеле. Сәукеле тек бір адамға ғана арналып тігіледі. Ежелгі түркі әлемінің атақты зерттеушісі Амантай Айзахметов «Рождение тюркского мира» кітабында, осы зерттеумізге орай, түркі әлемінің бастауын сонау Крит -Микен мәдениетіне тартатын пікірлер келтіреді[4]. Сол кітапта «Келеи» деген — өте кең таралған түрге жататын ауылдың атауы айтылады. Фестимдер, Алакоменам, Элевтериям, Потниям, Алесиям сияқты ауылдар мен қатар, бұл ауылдың атауы жергілікті әйелдерге табынуды білдіреді және «Келеи» сөзбе-сөз «айқайлаған әйелдер» дегенді білдіреді (kaleo,kelomai).Айына бір рет бұл ауылдың әйелдері қиылыстарға шығып, айға қарап айқайлайды» –деп тамаша дерек келтірген[5].
Гомерге дейінгі уақыттағы Крит Микен аралдарымен Грецияның түркілек кезең екенін дәлелдейтін тілдік тұрғыдан байқауға болатын мысалдардың бірі. Қазақша «кел омай».Қазақ граматикасында суффикс «ай» мейіріммен, ерекелетіп айту мағанасында қолданылады. Апай, ағай деген сияқты. «Кел Ұм» қазіргі күнде келін болып өзгерген. «Ұмай ана» деп жүргенімізде осы сөз.
Ал Сәукеле сөзін Бек Ыбраев, Дастан Елдес сияқты мәдениеттанушылар «Сау келуші» деген сөзден шыққан деп пікір айтады[6]. Яғни жас келін о дүниеден бұ дүниеге қайта келуші ретінде сипатталады. Бірақ жас келіннің өліп тірілтуу рәсіміне ғылыми дерек жоқ және негізсіз.
Сәукеле сөзін түсіндірсек оның ғылыми ауқымы өте кең. Ең түсінікті сөз сәуегей –алдағыны, болашақты көруші. Сәуе болашақ деген сөз. Сәу әуе –болашақ жарық жолы, Сәуле деген –нұр.Сәулем -деген бойжеткен қыз, болашақтан нұр шашушы.Түбір сөз Сәу –ғарыштан нұр шығарушы. Сәукеле сонда болашақтан, ғарыштан келуші Ұм. Мейіріммен айтқанда «Ұм ай».Яғни «кел Ұм», «келін».
Сәукеле дизайынында — нұр бейнесіндегі салпыншақтар төгіліп тұратынын байқауға болады. Қыз ұзатуда ұзатушы жақ сәукелеге ерекше мән берген және ол өте қымбат бағаға жасатқан.Оның түп негізінде болашаққа, жарыққа деген ерекше құрмет жатыр. Сәукеле әшекейлері төбеден нұр төгілгендей әсерге бағындырылған. Тұрмысқа шығатын қызға арнайы тігіліп, Ерекше асыл тастармен безендірілетін өте бағалы бас киім.Жас келін ұрпақты болашаққа жеткізуші. Өзі сол болашақ жарық әлемнен келуші. Беташар айтып келінді бұ дүниеге енгізеді. Жас келін ұрпақты болашаққа өсіріп, өрбітіп жеткізуші. Қандай тамаша философия.
Енді осы Сәукеле мен Сақтардың, оның ұрпақтары қазақтардың бас киімі неге биік деген сұрақ туады.
Осы күнге дейін Қазақтарда сақталған шошақ бас киімнің түп негізі көне сақ дүниетанымы екенін және не үшін биік болатынына зерттеушілер назар аудармай келеді. Қазақтарда шеңбер ең қасиетті өлшем. Ол кемел тұтастық, жинақылық. Отау киіз үйдің өзі де шеңберден тұрады. Қозғалыстың негізі арба дөңгелегі де шеңбер.
В.Радловтың жазбаларында отау киіз үйдің ішінде шеңбердің ішінде пентаграмалы адам бейнесін шаңыраққа іліп қойғанын жазған, ол уақытта тәңірдің бейнесін бейнеленгені туралы жазған[6]. Ол бейнеде бас киімсіз басы шеңберге жеткен. (Сурет -4). Сол арқылы тұтастықты ие болған. Бас киімнің биіктігі қол созым шеңберге тұруы неғұрлым Тәңірге жақындықты көрсетеді. Мәдениеттанушы Ұ.Нұрғалым өз мақаласында шаңырақтың шеңбер ағашын «арыс» деп айтатын жазған. «Арыс» қазақтар үшін ең дәрежелі ұғым.Сурет рәміз бойынша талдасақ төбесі көкке жеткен адам.Кемел адам мағанасын береді.
Сурет-3. Сурет -4
Пропорция заңдылығы бойынша қол-аяғы жетіп тұрған жерге басының жетпеуін шошақ бас киім арқылы көрсеткен.(Сурет-3). Бас киімнің биік болуы ол дәреже.
Ал бас киімімен ғана шеңберге жетіп өзінің қалаулы адам екенін көрсеткен. Бұдан басқа шеңбер ішіндегі пентаграмма Шіліктіден табылған б.з.б VII
ғасырлардағы сақ патшасының қабірінен де табылған
(Cурет-5).
Арғытектен үзілмей келе шошақ бас киім кейін қазақтарда үлкен мәртебе болды. (Сурет-6). (Сурет-7)Бұл алғашқы наградтаудың түп негізі. Патша құдай қалаулысы ретінде жұлдыз алған.
Жалпы түркі мәдениетінде оң мен сол, алды арты, сияқты жұп сандар жазықтық кеңістікті көрсетеді. Екі, төрт, алты, сегіз сияқты бұрыштармен кеңістікті белгілеу орын алған. Ал тылсым ғарыш әлемі бөлінбейтін әлем болғандықтан бес, жеті сияқты тақ сандармен белгіленеді.Сурет-6. Ерлер бас киімі 19 ғасырдағы сурет.
Сурет-7. Қазақтың ұлттық киімдері.Сәукелесі. 19 ғасыр.
Тәңірдің қалауы деген мағына береді және жоғарымен байланысты сипат береді. Қазақтарда ер адамдардың бас киімдеріде суреттегідей шошақ, биік болып келетін сол көне дәстүрдің жалғастығы.
Яғни бас киімнің биік болуы тәңірге жақындықтың, кемел тұтастықтың, мәртебенің, таңдаулы адам деген рәміз белгіні білдіреді.
Бұл жерде сақтардың бас киім жасаушылары пропорция заңдылығын жақсы білген. Қолды төбеге тигізгенде тұтас шеңбер болатыны Қайта өрлеу дәуірінде Ленорда да Винчиде дәлелдеген. Бірақ олар бас киімге арнап философиялық мәнділік жасамаған.
Қазақ бас киімі мен сәукелесінің тарихи-мәдени өзіндік ерекшелігінің спецификасы, оның этномәдени, рухани, дүниетанымдық алғышарттардың тұтас жүйесі бар ұлттық өнер кодтарымыздың бір. Өйткені оның қалыптасуы ежелгі дүниеден бастап қазақ ұлтының пайда болуы дәуірін түгел қамтиды. Бас киім ықлым заманнан бері социумның өмірінде маңызды роль атқарған. Қазақ бас киімінің ерекшелігі адам мен әлемнің байланысы туралы космогогиялық дүниетаным айқын берілген ерекше дүние. Ал бұл қазақ тарихының ежелгі өнер туындысы ретінде де, ақпараттық түйіннің ерекше мәні бар, себебі көркем туынды ретінде де этно-ұлттық дүниетанымның көне стереотиптеріндегі мағыналық, рухани алғышарттар жайлы айтуға мүмкіндік беретін өзінше бір көркем мәтін сияқты қалыптасқан. Қазақ бас киімі мен сәукелесі, ұлттық кодтың бірі ретінде әлем мен адам, олардың ортақ космоқатыстылығы бірлігі идеясы, үш жақты компоненттердің бірлігі –дүниетанымдық, прагматикалық, және эстетикалық; көркем нысан ретінде рухани, мағыналық, магиялық мәнінің маңыздылығы, көркем пішіннің байланысы идеялық сигналдың шифрланғандығын және осыған сәйкес белгілі бір эзотериялықты айқындаған бірегей дүние. Қазақ сәндік өнерінің феномені ренде де дүниетаным мен көркем ойлаудың ерекше формасымен қалыптасқан.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Акышев К. Курган Иссык. Алма-Ата, 1978.- 44 с.
2.Барманқұлов М. А пояс-то женский! // “Зеркало.” июль- август.-1999.-121с.
3.Берістен Ж. Сақ киімінің нақыштық мазмұны. «Шоқан оқулары 6» атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары.- Ш.Уәлиханов атындағы университет.- Көкшетау, 2004 ж. 337- 343 б.
-
- Айзахметов А.Рождение тюркского мира.(2-е издание, дополненное и переработанное)-Тараз:Жамбылский издательский центр» Сенім», 2004, 296с.
- Джорж Томсон»Исследования по истории древнегреческого общества»(доисторический Эгейский мир). Перевод с английского М.Б.Граковой-Свиридоаой и В.В.Соколова. Москва, изд. «Иностранная литература», 1958 г.Стр.127.
- Дастан Елдес.Свадьба как маленькая смерть: почему устраивали похороны невесты. qazaquni.kz. 2017 ж. Тамыз 26.
- Радлов В.В. Из Сибири. М.,1989.С. 137-142.