Құрметті Алматы қаласының тұрғындары және қала қонақтары!
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Сіздерді 2021 жылдың наурыз айында өтетін көрмелер мен экспозициялық залдарды тамашалауға шақырады.
Жоспарланған көрмелер:
- 2021 жылдың 15 наурыз күні сағ. 15.00-де «Масатыдай құлпырған» атты көрмесі өтеді (ҚР Мемлекеттік орталық музей қорынан) .
- 2021 жылдың 19 наурыз күні сағ. 15.00-де «Бабадан қалған сырлы әуен» атты көрмесі өтеді (ҚР Мемлекеттік орталық музей қорынан)
Өтіп жатқан көрмелер:
- «Алмалы палитра» суретшілер қауымдастығымен бірлесіп «Мәңгілік дауысы» атты көркемөнер туындыларының халықаралық көрмесі. Аталмыш көрмеге жақын және алыс шетелдерден (Ресей, Чехия, Болгария, Германия), сондай-ақ Қазақстанның – Алматы, Нұр-Сұлтан, Талдықорған, Атырау, Павлодар, Шымкент қалаларынан 40-тан астам суретшілер қатысады.
Көрме 2021 жылдың 28 наурызына дейін жалғасады.
- Көрнекті дәрігер-хирург, медицина ғылымдарының кандидаты Иван Иванович Лиді еске алуға арналған «Алғыс арқалаған азамат» атты көрмесі.
Көрме 2021 жылдың 26 наурызына дейін жалғасады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің тұрақты жұмыс істейтін экспозициялары:
- 1- зал: Қазақстанның палеонтология и археология залы;
- 2-зал: Тарихи этнография залы;
- 4-зал: Тәуелсіз Қазақстан залы;
- 5-зал: «Ашық қор. Қазақстанның археологиялық алтыны» экскурсиялық қызмет көрсетумен – 1300 тг.
- 6-зал: «Антропология музейі» экскурсиялық қызмет көрсетуді қоса алғанда – 1000 тг.
- 7- зал: «Н.Г. Хлудов залы» — экскурсиялық қызмет көрсетуді қоса алғанда – 1000 тг.
Мекен-жайы: Самал-1 ы.а., 44-үй, т. 264-55-77, 264-46-50
Жұмыс кестесі: 9.30-дан 17.30-ге дейін, әр сейсенбі – демалыс
Музейге кіру:
ересектер үшін – 500 теңге, студенттер үшін – 300 теңге, зейнеткерлер үшін – 300 теңге, оқушылар үшін – 200 теңге.
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін — тегін (1 және 2 топтағы мүгедектер)
3 топ мүгедектері үшін — 250 тг
P.S. Музейге келушілер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды (бетперде режимі, 1,5 м әлеуметтік қашықтық) сақтауы тиіс.
Құрметпен,
Агелеуова Сулушаш
+77017557657
ҚР Мемлекеттік Орталық музейі
Алматы қ., «Самал-1» ықшам ауданы, 44 – үй.