Пост релиз
5 наурыз, жұма күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Алмалы палитра» суретшілер қауымдастығымен бірлесіп «Мәңгілік дауысы» атты көркемөнер туындыларының халықаралық көрмесі ашылды, оған жақын және алыс шетелдерден (Ресей, Чехия, Болгария, Германия), сондай — ақ Қазақстанның түрлі қалалары-Алматы, Нұр-сұлтан, Талды-Қорған, Атырау, Павлодар, Шымкенттен 40-тан астам суретші қатысты.
Көрменің ашылуында ҚР Орталық мемлекеттік музей директорының орынбасары Ғалия Теміртон, көрме кураторлары Қазақстанның өнер қайраткері Марлан Нысанбаев пен Лидия Дроздова сөз сөйледі.
Сонымен қатар, көрменің қатысушылары Чехияның танымал суретшісі – Андрей Латынин, Болгариядан келген суретші – Стойчо Стойчев, Игорь Гущин (Ресей) және Германиядан келген суретші Мишель Светланаға сөз берілді.
Көрмеде бейнелеу және қолданбалы өнердің барлық түрлері мен жанрларын көрсететін туындылар: пейзаждар, натюрморттар, сюжеттік композициялар, панно (кескіндеме, керамика, графика және т. б.) ұсынылады.
Суретшілердің туындыларында Қазақстанның тарихы мен дәстүрлі мәдениетіне жүгіну бар. Заманауи суретшілер көркемөнер саласына киелі тұрмыс-салт элементтерін — тарих пен ежелгі ғұрыптарды, нанымдарды, петроглифтерді, нышан-белгілерді, ата-әжелердің образдарын, тарихи дәуірлердегі халық батырларының бейнесі арқылы түсіндірме сюжеттер енгізеді. Ресей, Чехия, Болгария және Германия суретшілерінің шығармашылық көзқарастары да ерекше қызық. Туындыларында трансцендентальды әлем, сұлулық және табиғат үйлесімі тақырыптары бейнеленген.
Көрменің символы – мәңгілік — уақыт, табиғат және адамның ажырамас бірлігі, адамның рухани бастамасының тұрақтылығын бекіту, тоқтаусыз даму, шығармашылық және жасампаздық элементтері — осының бәрін қазақстандық және шетелдік суретшілердің жұмыстарынан тауып, көруге болады.
Экспозицияға 80-нен астам жұмыс қойылған. Көрме 2021 жылдың 28 наурызына дейін жалғасады, суретшілердің жұмыстарын сатып алғысы келетіндер көрме кураторына жүгіне алады.
Анықтама телефондары: ҚР МОМ: 8 727 — 2644650,
Кураторлар: Лидия Дроздова, 8705 217 8976, Марлан Нысанбаев 8 747 2877406