ХАБАРЛАНДЫРУ
«Екібастұз қаласы əкімдігінің мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Естай атындағы балалар музыка мектебі» КМҚК аумағында Естай Беркімбаевқа арналған ескерткіш салу бойынша үздік эскиздік жобаға конкурс жариялайды
Конкурстың өткізілетін жері: Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62-үй, 402 кабинет.
Конкурс бір кезеңде өткізіледі. Конкурсқа материалдарды тапсырудың соңғы мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күн. Ұсынылған жобалар өңірдегі санитарлық-эпидемиялық жағдай ды ескере отырып қарастырылатын болады (онлайн немесе офлайн форматта). Конкурстың қорытындысы кейінгі 10 күнде шығарылады.
Конкурсқа қатысушылар төмендегі материалдарды ұсынулары қажет:
- Ескерткіш сызбалары;
- Ескерткіш макеті;
- Абаттандыру жəне көгалдандыру жөніндегі ұсыныстарымен телім жоспары;
- Түсіндірме хаты (автордың ойын толық көлемде ашатын, машинкаға басылған 1 бет көлемінде ұсынылады).
Макет, жоспар жəне басқа материалдардың масштабы – 1:25.
Конкурсқа суретшілер, сəулетшілер, мүсіншілер жəне басқалар қатыса алады. Конкурсқа материалдар көлемі 60*80 см жеңіл планшеттерде түрлі-түсті графикада берілуі қажет. Макеттер автордың өз ойы бойынша жасалады. Барлық материалдар, конвертте түсініктеме хатын қоса алғанда, алты цифрда болуы қажет.
Жобалар мына мекенжайға жолдануы керек: Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62-үй, 402-кабинет. Тел: (7187) 741020.