2021 жылғы 19 наурыз күні сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, II дәрежелі «Барыс» орденінің иегері, атақты коллекционер Төре Азат Әкімбектің «Атамұра» атты көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.
Көрменің мақсаты – қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын, қолөнерін, салт-дәстүрін бейнелейтін көне жәдігерлерді кеңінен насихаттау.
Төре Азат Әкімбек – атақты коллекционер, әдебиет және өнер саласында көптеген беделді марапаттардың лауреты және жеңімпазы. «Атамұра» атты көрмесінде алғаш рет төрт бірдей коллекциясын ұсынғалы отыр:
- ХІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ ұлттық өнері;
- ХҮІ – ХІХ ғасырлардағы Орта Азия өңірінің араб, парсы, шағатай тілдеріндегі ескі қолжазба жинақтары;
3.1910-1970 жылдардағы Н. Дубовской, Н. Хлудов, Ә. Қастеев, С. Чуйков, Ж. Шарденов, С. Айтбаев, С. Сидоркин сынды танымал Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан суретшілерінің туындылары;
- Верный-Алматы қаласының 1887 жылдан бастап 1963 жылға дейінгі тыныс-тіршілігін, архитектурасын бейнелейтін суреттер коллекциясы.
Азат Әкімбектің бай коллекциясында қазақ халқының мәдени мұрасын, рухани байлығын, ұлттық философиялық дүниетанымын баяндайтын құнды жәдігерлер баршылық.
Коллекционердің ҚР Ұлттық музейінде алғаш рет ұйымдастырғалы отырған бұл көрмесі тамыры тереңде жатқан қазақтың дәстүрлі өнерімен, ХХ ғасырдың көрнекті суретшілерінің туындыларымен терең танысуға, бұрынғы Алматының фотосуреттерін тамашалауға мүмкіндік береді.
Іс-шараға белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысады.
БАҚ өкілдерінің аккредитациядан өтуі:
БАҚ өкілінің аты-жөні
(жеке куәлігінің №, ИИН, берген мекеменің атауы және берілген күні, айы, жылы);
Түсірілім барсында қолданылатын
техника жөнінде маркасы
көрсетілген (камера, фотоаппарат) ақпаратты тізім бойынша жіберу;
Ақпаратты: nmrk.muzei@mail.ru
поштасына жіберіледі.
Аккредитациядан өту уақыты:
19 наурыз күні сағат 11:00-ге дейін.