Turan-kz.ART халықаралық көркемөнер порталы
Жаңалықтар

22 наурыз – Наурыз мейрамы құтты болсын!

Жер-жаһанды сері самалға өткізіп, жұрттың аузын ақ қымызға жеткізіп, нұр тамшыларын аямай төккізіп, қиындықтың бәрін келер жылға өткізіп, Самарқанның көк тасын ерітіп, алтынкүрекпен жер жүзін жібітіп, тас жүректерді мейіріммен үгітіп, жеті қат жер астына дейін балқытып, жыл құстарының әнін шалқытып, Жетісуға жасылдан көйлек кигізіп, Сарыарқаны самал желге сүйгізіп, Алатаудың төбесінен көкке тигізіп, Қаратауға құт-берекені үйгізіп, ақ бұлақтарды ақтартып, шың-құздарды шаттанып, тізбектеп тырналарды, сүйгізіп сырғаларды, шоршытып балықтарды, шапшытып арықтарды, тербелтіп наз қайыңдарды, төгілтіп жаз жайында әнді, қаздарды қаңқылдатып, найзағай жарқылдатып, айтып ертегіңді, жайып желкеніңді, жетіп келген әз-Наурыз мейрамы құтты болсын!!!

Дереккөз: baribar.kz

Ұқсас жаңалықтар

2021 жылғы Бейнелеу өнері саласы бойынша Халықаралық ТҰРАН сыйлығының лауреаттары

Turanart

Суретші Қайрат Жәйірбектің шығармалары

Turanart

Әли Бақтыгереев шығармашылығына арналған көрме

Turanart

Пікір жазу