Жанарбек Берістен
Профессор, философия ғыл.кан.
Халықаралық Тұран көркемөнер сыйлығының иегері
Әл Фараби ат.ҚҰУ
2024 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағымемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның іріктеуінен әдебиет саласынан 15 жазушы, өнер саласынан 3 суретші, 2 драмалық спектакль, 1 музыкалық жұмыс іріктеуден өтті.
Ең сорақысы қазақстан бейнелеу өнерінің бет бейнесін, бағыт бағдарын, ізденіс жодарын көрсетіп тұрған мықты деген екі мүсінші Асқар Нартов пен Бақытбек Мұхамеджанов келесі кезеңге өтпеген. Іріктеуден өтіп мемлекеттік сыйлық ала алмай жатса бір жөн. Бұл немқұрайлық нені көрсетеді.
Біріншіден министрлік те, комиссия да бұл адамдардың кім екенін білмейді. Екіншіден мемлекеттік кеңесші Ерлан Кариннің төрағалығымен өткен комиссия отырысында не суретшіні, не еуропалық тарихта жатқа соғатын өнертанушыны да байқағам жоқ.
Жалпы мәдениетті әдебиет жетістігімен бағалауды қоятын уақыт келді. Бәрі тең болсын. Қайта қарауымыз керек. Мысалы Екі орын әдебиетшілер(поэзия,проза) алса, екі орын кино мен музыкаға берілсін, екі орын бейнелеу өнері (Сәулетші, дизайнер мен суретшілер) алсын. Мемлекеттік сыйлық комисиясында әр саланың пікір айтатын мамандары болу керек.
Егерде шынына көшсек — мәдениет тарихы деген ол бейнелеу тарихынан басталады. Ал қалған салалар кенжелер. Сіз кез келген елге барған да бірінші сәулеті, дизайны және сонымен астасқан мүсіні көрінеді.
Іріктеуден өтпей қалған мүсіншінің бірі педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Бақытбек Мұхамеджанов. Қазақ мүсінің атасы Кәкімжан Наурызбаевтың өзі көзі тірісінде өз бюстін Бақытбекке жасатқан. Бұл аса үлкен мәртебе. Себеп характер ұстаудың асқан шебері екені жас кезінде байқалған.
Ал мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған үш жұмысы бұрын соңды жасалмаған тың жұмыстар.
Ұсынылған топтама «Замана туғызған тұлғалар» атты жұмыс өте жоғары поэтикалық леппен сомдалған. Мүсін өнеріне үлкен үлес қосып мүсіншінің жасаған дүниелері шынайы тарихи жадпен байланыстыра отырып жасалған.
Бірінші мүсін Тәуелсіздігімізді нығайтуға ерен еңбек сіңірген, қоғам және мемлекет қайраткері, түлға, заңгер ғалым, заң ғылымдарының докторы, академик Салық Зимановқа алғаш жасалған мүсін ескерткіш екенінде.
Екінші мүсін Қазақстаның Халық қаһарманы, екінші дүниежүзілік соғысының қазақстан шыққан жалғыз әйел-ұшқыш, жауынгер батыр қыз Доспанова Хиуазға апамызға арналған алғашқы мүсін ескерткіш.
Үшінші мүсін Қазақтан шыққан тұңғыш бард ақын, әнші Табылды Досымға арналған.
Бұл топтама жұмыстарда композияциясының бірлігі, бөлшектерінің арасындағы қатынастылық пен байланысын беретін ырғақтылығы да, тепе-теңдік күйі де бәрі қолмен қойғандай. Образдың сан алуан толғанысы мен жан шері оның портретінен көрініп тұруы, мүсіншінің шеберлігінің тым еркін екендігін дәлелдей түспек.
Осындай дәрежеге жету үшін қаншама жұмыстар жасалған. Мемлекеттік сана сезімі бар әкім болса Дос Мұқасанды Алматыға Көктебеге қояр еді. Көктөбедегі «Битлзді» көріп шет елдіктердің өзі бұның қазақ еліне қандай қатысы бар деп бас шайқап қайтатыны түсінікті. Репрессия құрбандарына жасаған атақты жұмысының өзі мемлекеттік маркаға шығып үлгерен.
Енді іріктеуден өтпеген мүсіншінің жалпы шығармашылық тізмін де салып отырмын:
2001ж. «Сәмен батырға арналған ескерткіш», Алматы обл.;
2002 ж. «Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған монумент», Жаңалық ауылы, Алматы обл.;
2004 ж. «Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш», Петропавл қаласы;
2005 ж. «Соц Еңбек Ері Құдайбергенов Ж.Е. арналған мемориалдық тақта», Алматы облысы;
2006 ж. «Заманбек Батталхановқа арналған ескерткіш-бюст», Алматы қаласы;
2007 ж. «Сағат Әшімбаевқа арналған ескерткіш», Алматы обл.;
2007 ж. «Академик Қ.Сәтпаевқа арналған бюст», Алматы қ., АҚ «Казатомпром» ;
2008 ж. «Соц Еңбек Ері Керім Шалабайұлына арналған ескерткіш-бюст» Жамбыл облысы;
2009 ж. «Қ. Қазыбаевқа арналған ескерткіш-бюст» Алматы обл.;
2012 ж. «Профессор Х. Сәтпаеваға арналған ескерткіш-бюст» Алматы қаласы;
2012 ж. «К. Жанатовқа арналған ескерткіш-бюст» Алматы обл.;
2013 ж. «Л.Н.Гумилевке арналған ескерткіш» Астана қаласы;
2014 ж. «Мәңгілік қозғалыс» фонтан» Астана қаласы.
2015ж. «ҰОС батырларына ескрткіштер» Қарағанды обл., п. Киевка
2016ж. «Ұлы Кетбұқа жырау- композиция» Кастеев атыңдағы ұлттық мұражай Алматы қ.
2016ж. «Халық жазушысы А.Кекілбаевке арналған мемориалдық тақта», Астана қ.
2017ж. «Шаяхметов Мухаметке арналған ескерткіш-бюст» Өскемен қ
2017ж. «Әлихан Бөкейхан ескерткіші» Семей қ,
2017ж. «Саябақ мүсіндері композиция Дос-Муқасан» Атырау қ,
2018ж. «Өтеген батырға арналған ескерткіш», Алматы обл.
2018ж. «Үш биге арналған ескерткіш», Атырау қ.
2019ж. «Хиуаз Доспановаға арналған ескерткіш», Атырау қ.
2019ж. «Табылды Досымовқа» арналған ескерткіш» Индербор қ.
2020ж. Абай Құнанбайевқа арналған ескерткіш бюст Қапшағай қ.
2021 ж.Академик Салық Зимановке арналған ескерткіш, атырау қ.
2022ж. Академик Н.Батпеновке арналған ескерткіш бюст, Астана қ.
Екінші мүсінші Нартов Асқар. Асқар заманымыздың ең бір эстет мүсіншілердің бірегейі. Қазақ мүсін өнерінің кемелденуінің бас қасында осы Асқар Нартов тұр. Астанада көріп жүрген көптеген мүсіндерді сомдаған. Мемлекеттік сыйлыққа Астана қаласында бой көтерген «Қаныш Сатбаевтің» ескерткіші. Қ.Сатбаевтай асқақ тұлғаға әлі талай ескерткіш сомдалар, бұл сомдалған ескеткіш бүгінгі мүсін мәдениетінің бір биігі .
Бұл мүсіндер Асқар Нартовтың жасаған жұмыстарының біразы. Мен тек таныстыру үшін салып отырмын.
Абай монументі.Бишкек.Қырғызстан.
Екі мүсінші де уақыт екшеуіне төтеп беретін мүсіншілер. Әйтпесе талай мемлекеттік сыйлық алған аты бар құны жоқ шығармаларды білеміз. Екеуінде де Ұлттық- рухани тамыр тереңнен нәр тартып тұр. Екеуіде Халықаралық Тұран сыйлығының иегерлері. Екеуіде халықаралық еуразия көркемөнері антологиясына шыққан. Қазақ мүсін өнерін шет елге танытып тұрған профессионалдық өресі жоғары мүсіншілер. 20-25 жастағы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткер» атағы бар әншілер өте көп. Кімге еңбек сіңіріп жатқаны тек ішіміз біледі. Ал еліміздің рухани салтанатын асқақтатқан екі мүсіншіде бұл атақта жоқ. Мен мемлекеттік комиссияға таныстыра отырып, іріктеуден өткізбегеніне қапаланған суретшілердің намысы дауысын ғана жеткізіп отырмын.