Turan-kz.ART халықаралық көркемөнер порталы
Ел тынысыЖаңалықтарМәдениетРуханият

Түркістанды  дүбірлеткен симпозиум

Бейнелеу өнерінің  пленэр үлгісін  алсақ біз үшін жас сала,оның ішінде құлпырып түрленіп жататын жанды саласы.Оның сырына үңілу, әр уақытта қызғылықты, әр уақытта да өзекті.Әсіресе пленэр әлемінің қыры мен сыры мол алып көркем дүние.Алауан көзқарастардың басын қосу үшін Түркиядан, Әзербайжаннан, Татарстаннан, Ресейден, Қырғызстаннан және Қазақстанның түкпір түкпірінен суретшілер шақырылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің аясында 30жылдығы және Түркістан қаласында өтетін Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтыстық кеңесінің Саммиті аясында «Түркістаным-Тұраным» атты халықаралық түркі суретшілерінің аса ауқымды симпозиумы өтті. Басты тақырып Түркі тілдес елдердің рухани астанасы Түркістанды бейнелеу өнері тілімен насихаттау еді. Халықаралық симпозиумды ұйымдастырушы суретшілер арасында «көреген Айнабек» аталған белгілі суретші Айнабек Оспановтың концепция негізінде  ұйымдастырылғанын ерекше атап өтуміз керек. Симпозиумды студиялық және пленэрлік деп екі бағытқа бөліп, аға буын, орта буын мен жастарды қосып шақырған. Әсіресе бұл ұстанымда тәжірибе алмасуда жастар үшін маңыз зор болды.Тәжірибе алмасудың жарасымды үйлестіре білдудің жақсы үлгісі ретінде маңызыда зор болды. Симпозиумның бірінші күнінде ұйымдастырушы Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ә.С.Қойлыбаев суретшілермен кездесу жасап құттықтау сөз сөйледі.

Симпозиумның басты міндеті шығармашылық тәжірибе алмасу мен дәстүр жалғастығы негізгі арқаулардың бірі. Аға буынның майталман шеберлері, қазақ бейнелеу өнерінде өз орындарын белгілеп үлгерген Е.Айтуаров, М.Қалқабаев, Ө.Шуранов, А.Оспановтардың көркемдікке ұмтылған  тәсілдері өрнекті де, мәндірек, мазмұнды көрінуі де заңды нәрсе.

А.Назарқұл, Ж.Мүсәпір,  Қ.Нұрсадықов, Қ.Оразғалиев,  Ж.Какендер реалистік көркемдіктің пластикалық мүмкіндіктерін жаңғыртуларға ұмтылса,  Б.Бүрдесбеков, Ә.Баяндин, С.Махамбеттердің қалалық пейзаж сарындарын, көркемдіктің сан алуан қабаттарын қопара көрсетіп, пленэрдің жан-өзегіне үлкен дем беретін  экспресс стильдеріне, пленэр жазу мәдениетінің деңгейлерінің жоғарылығына қол қоясыз.

Т.Табысбек, Е.Болатхан, Д.Нугер, К.Жапалова, М.Шақанбай, С.Абдураймова, Ж.Байдаулетов сынды жастар пейзажды сапалық өзгерістерге ұмтылып, тереңдеп ашуға тырасып, жаңа сипаттармен байыды. Жастар десекте қолтаңбалары қалыптасып қалған бұл буынның әрқашан ізденісте екенін байқаймаймыз. Болашақта қазақ өнеріне жаңалық әкеле ме деп үмітпен «көреген Айнабектің» назарына іліккен ең танымал есімдер  осылар.Есею, шыңдалу үстінде не бір тамаша таза шығармашылық жұмыстар жасады.

Бауырлас түркі елдерінен келген Ю.Шигаев, Г.Баймұқанов, И.Сиразиев, Д.Мамедова, З.Зерен, Ж.Агаев сынды шеберлер бояу әлемінің өздеріне тән қырларын толық ашып көрсетті. Шығармашылық тәжірибенің қорымен, темпераменттерінің әр қилы деңгейімен көрінді.

Симпозиумда суретшілер 5 күн бойы  120–дан астам туындылар жазып қалдырды. Көрменің ашылу салтанатында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Д.Қасейнов құттықтау сөз сөйлеп, суретшілерге сертификат тапсырып, мәртебелі дипломдармен марапаттады. Бұл симпозиум арқылы суретшілердің шеберлік алмасуы, жаңалықтармен бөлісуі,  болашақ өнердің түр, тәсіл өзгешелігі көбейіп, ізденістерін анықтауда мол тәжірибе алаңы ретінде мазмұға ие болып қалатынында дау жоқ.

 

Жанарбек Берістен

Философия ғыл.кан.профессор

Т.Жүргенов ат. ҚазҰӨА

Ұқсас жаңалықтар

Ғұн дәуірінен келген түркі керамикасы

Turanart

Суретші Қайрат Жәйірбектің шығармалары

Turanart

Андрей Кончаловскийдың өнер туралы пікірі

Turanart

Пікір жазу