Turan-kz.ART халықаралық көркемөнер порталы
Ел тынысыЖаңалықтарӨнертану

ҚАЗАҚ ТОПЫРАҒЫНДАҒЫ КЛАССИЦИЗМ

Жанарбек Берістен

профессор, философия ғ,к.

Халықаралық Тұран көркемөнер сыйлығының иегері

 

Өнердің міндеті адамның жан сезімін ісі арқылы ашып беру. Мүсін өнері арқылы мүсінші адамның сырт пішінімен қатар ішкі жан дүниесін де жеткізген. Қоғамдық қатынастардың өзгеруі әрқашан  мүсінші-суретші шеберлерінің алдында да күрделі міндеттер қойып келді.

Қазақстанның тәуелсіздік алуымен,  кең ауқымдағы мәдени – эканомикалық өзгерістерге байланысты, мазмұны мен түрі бойынша нағыз ұлттық монументалды өнерді дамыту үшін мүлде бөлек мүмкіндіктер ашылып жаңа ізденістерге жол ашылды. Соның арқасында Қазақстанның мүсін өнеріде жаңа таланттардың ізденістерімен толысып сапалық бетбұрыс та басталды деп толық айта аламыз. Сондықтан жалпы мүсін өнерінің жай күйін айтқанда тікелей уақтың бет бейнесін таныта алатын мүсіншілерге тікелей қатысты екенін еске салу біздің міндетіміз.

 

Қалыңдық. 2008. Қола, гранит. 87x25x14

 

Мүсінші Өмірзақ Шановтың шығармалары әрқашанда өнер сүйер қауым мен өнертанушылардың назарын аударып келеді.  Көптеген шығармашылық көрмелерге қатысқан үнемі идеялық белсенділігінен танбаған мүсінші.  Оның ізденістерінде құрылымды пластика қабаттасып келіп, тақырыптың мазмұнын байытып, композициясын жетілдіре түседі.

Оның жұмыстарынан Ежелгі Мысырлық пластиканыда көруге болады. Әсіресе сақ жауынгерлерін бейнелеген жұмыстарытіптен ерекше шешіммен  таңқалдырады.

 

Садақшылар. 2014. Қола, гранит. 68x67x21

 

Ізденістің сан алуандығын қарасаң портрет жұмыстарында ежелгі Римнің жаңғырықтары да байқалса, кеибір жұмыстарында еуропаның барокко стилінде байқауға болады. Оның жасаған туындылар өткір зейіннен өтіп, өзіндік жанр мен стиль типінде көзге түсіп, қазақ мүсін өнерінің кәсіби түрін жандандыра түсті.

 

Шоқан Уәлиханов. 1990. Қола, гранит. 40x25x15

 

Енді бір жағынан, қоғамның ілгерлеуші күштері тарих барысында, сондай-ақ, өнерде де көркем бейнелеудің  стильдік  ізденістеріне зәру болатыны шындық. Әлеуметтік ілгерілеушілікті ынталандыратын, адамзаттың тұрмыс-тіршілігін, қоғамның дамуын шын мәнінде алға жылжытатын, белгілі бір дәуірде өмір сүруші адамға расында да жаңа қадір-қасиеттер сыйлай алатын дүние, тарихта көбіне сол дәуірдің, сол заманның бет-бейнесі, негізгі сипаты деп табатын дүниесі болады. Классикалық бейнелеудің монументалдылығы өнердің тек мол мүмкіншіліктері ғана емес, өнердің сипатының танымдық мәнінде —  сондай-ақ, қажеттілігінде.

Ө.Шановтың тапқан дүниесі ол қазақ топырағандағы классицизм. Классицизм некласицизм ретінде өнерде дүркін дүркін қайталанған құбылыс. Ал Ө.Шановтың  мүсіншілік стихия мінезі – классицизм десек қателеспейміз. Архитектоникасы, композициясының анықтығы, басты әрекеттің бөлек көрсетілуі, пішіндерінің мүшеленуі, жекелеген ауқымдардың тым айқындылығына қол жеткізілетін кеңістіктің барельефтік түсіндірілуін бірден байқауға болады. Мұның барлығы- рационализмнің элементтері. Осының бәрі сайып келгенде Өмірзақ Шанов шығармашылығының өзегі.

Өзінің сезімі мен тебіренісін, толқынысын жүгендей алатын философтың «байсалдылығы», төзімділігі табиғатына тән болғанымен,   шығармаларындағы композицияның салмақтылығы мен ұстамдылығы да белгілі бір дәрежеде осындай маңызға ие. Әр жұмысының сұлбасының айқындылығы мен пішіндерінің мүшеленуі оның мүсінділігін күшейтеді. Аса мұқияттылық, зейін қою деңгейінің артуына әрқашан жағдай жасайды.

 

Аттың басы. 2014. 38x34x15

 

Жақыннан көріп, тамашалау үшін композицияның ұсақ-түйектерін, егжей-тегжейлі, кезекпелі оқылуы, бейнелерінің сан қырлылығы, фактурасының сұлулығы, композициясының әрбір бөлшегінің қарап, тамсанып, түйсінуге қорек болатын бейне бір академиялық заңдылықтардың пластикалық шежіреге толы жағдайын көруге болады. Бұндайға ерекше шыдамдылық, төзім мен ерен еңбек қажет. Оған әр суреткердің шыдамы жете бермейді.

Мүсінші жаңа бетбұрыс жасауға икем. Қай тақырыпты алса да мүсінші адам мінезінің қалтарыс-қатпарына батыл барлау жасайды.

Ө.Шанов құбылыстардың түбін шұқылап, олардың түп-тамырын ақтарып, осы түп-тамырын көрер көзге жеткізіп, ол жөнінде өзінің меншікті пікірін қалыптастыруға ұмтылады. Ө.Шановтың мүсін өнеріндегі ой ұшқырлығы мен психологиялық тұжырым ерекшелігі, қиял мен ойдың ұштасуы, ұлттық ерекшеліктердің түрленуі арқылы жандандырылған түрлері көптеп кездеседі. Пішін  суретшінің ой-қиялына бағынышты бола отырып, оның қолының  икеміне қарай сан мыңдаған түрге еніп құбыла түседі.

Салт атты сақ сарбаздарын бейнелегенде лаконизмділігі мен қарапайымдылығы айқындылығына әсер етіп қана қоймай, экспрессияны еркіне бағындыра білген. Оның қатаңдығы, батылдығы және мазмұнының салтанаттылығы ерекше көрінеді. Скиф мүсініндегі  басты тақырыбы адам, оның сыртқы келбеті арқылы, ішкі рухани дүниесіндегі жоғары сезімін, күштілігін, ерік жігерін, күрделі психологиялық күйін ашып көрсеткен. Адам психологиясының  сан қырлылығын тереңінен зерттей, оның көңіл күйінің алуан түрлілігін мүсін өнерінде сұлбалау өте асқан шеберлікті көрсететіні нақты.

 Скиф. 2014. 48x40x25

 

Мүсінші тарихты, оның негізгі заңдылықтарын қаншалықты терең, дұрыс түсінген сайын, оның қолынан шыққан туындылары да,  эстетикалық орынды пішінде түсіріліп, көрерменнің сана-сезіміне де соншалықты терең әсер етіп, өнерде өз орнын көрсете алған.  Мүсіншінің туындылары толысып, мінсіз сомдалып, аталмыш туындылардың монументалдылығы айқын. Өнер туындыларының «мәңгілігінің» алғышарты да осында.

Тірі көркем шығармашылық әрдайым адамзат болмысының негізгі мәселелерін жоғарыда баяндалған маңызында қоюға түрткі болып, адамды тікелей тарих заңдарымен қақтығыстыруға талпынады. Осыған дейін өнердің осы мәселелерімен бас қатырған мүсінші біздің қазақ өнерінде болған  емес.

 

Баламен алма. 2010. Гранит, қола. 111x27x25

Әр жұмысына ерекше ізденіспен келеді. Юморға да өте бейім. Баламен алма атты жұмысында баланың төбесіне алма қойып атуға қойған кезі беинеленген. Бала бүрісіп қорқып тұр. Осы сәтті өте дәл көркемдік шешіммен шешкен.  Бейнелеу арқылы мүсінші адамның сырт пішінімен қатар ішкі жан дүниесін де жеткізген.

Психологиялық тереңдік, бейнелі дүниені ой елегінен өткізіп көрсету тәсілі туралы айтсақта, ең бастысы Ө.Шанов шығармашылығы бүгінде өзінше бір әлем екендігі.  Ө.Шановтың шығармашылығы қазақ өнері үшін   үлкен жетістік. Кәсіби мүсін өнерінің бастау бұлағында көтерілген стилдік ізденістерді реалистік төңіректен   алыстата алған мүсіншілердің бірі де Ө.Шанов.  Мүсінші болмысты түсінудегі суреткерлік қиялымен, ұшқыр ойымен, талантымен және шеберлігімен, эстетикалық және поэтикалық көркемдік ізденістерінің алуан қырын айқын көрсетіп келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Әли Бақтыгереев шығармашылығына арналған көрме

Turanart

Күй феноменін жаңғыртушы

admin_turanart

8 Наурыз — Қазақстанда халықаралық әйелдер күні!

Turanart

Пікір жазу